ru
QazAgym
QazAgym
QazAgym
461 жазбалар50 тіркелуші
0

Жыл шақыру

Тағы да бір түн келді,
Көңіліміз гүлденді.
Балапанын қалдырып,
Тауық кетіп үлгерді.

Атады енді абат таң,
Сен де сілкін, қанаттан.
Қош, қош, тауық, қош, тауық,
Сенсіз дағы таң атқан.

Кә, кә, жылым - Ақтөсім,
Әппақ төсің бақ босын.
Тілегіміз ақ босын,
Көңіліміз шат босын.

Кә, кә, жылым Ақтабан.
Әр күніңнен бақ табам.
Беу, түріңнен айналдым,
Босағамды аттаған.

Кә, кә, жылым - Мойнағым,
Еркелегін, ойнағын.
Ырысымды күзетіп,
Тынышыма бойлағын.

Кә, кә, жылым - Алабай,
Дене тұрқың даладай.
Дәу денеңе қарамай,
Еркелейсің баладай.

Кә, кә, жылым - Көксерек,
Жеттің бе ақыр өкшелеп.
Адал болып иеңе,
Мейіріңді төкші ерек.

Кә, кә, Құтжол - текті есім,
Құт болып жет жеткесін.
Қақпақ кетсе қазаннан,
Сенен ұят кетпесін.

Кә, кә, Сырттан, кә, Сырттан,
Сүйек мүжі, мә, сырттан.
Қазынамды тауып бер,
Қарынбайлар жасыртқан.

Кә, кә, тазым - Құмайым,
Қандай амал қылайын?
Құдайымнан сұрайын,
Олжалы қыл ұдайы...

Ақпарат көзі