Қандай керемет иә. Таңғы шәйін он бірде ішкен. Демек жаны жәннәтта болғыр атамыз онда тұрған. Ал сіз ше? Сіз таңғы сағат жетіде тұрып, апыл-ғұпыл киініп, шәйіңізді ішпестен балаңызды мектебіне, балабақшасына апарып, содан ары жұмысыңызға тартқансыз. Он бірдіңі кезінде көзіңіз бозарып жұмыста отырғансыз. Сізді ешқандай орталық комитеттің адамы қап-қара ЗИС-імен алып кетпеген. Және ешқандай хатшы қабылдамаған. Орталық комитетіңіз былай тұрсын, аупартком қабылдаған, шақырған кезі бар ма? Жоқ! Сол себепті де сіздің өлеңдеріңіздің ішінде Бақыттымын деген өлең жоқ. Бақыт туралы жазбайсыз. Кілең күңіренген, күрсінген жырлар жазасыз. Мен де сол. Мына жазбадағыдай, Қапан атамыздың басынан кешкеніндей болса ше?.. Мысалға...
Ол кездегі орталық комитеттің хатшысы қазіргі президент. Елбасыға иегіміз қышымай-ақ қойсын. Жәй ғана, Байбектен бастайықшы. Таңғы, таңғы дейтіндей емес енді, түскі он бірде ыстық шәйімді енді аузыма ала бергенде (аузыма алдым деген жаман екен құрсын) үйіме қара пальто киген біреу кіріп келсе. Скорее всего ішкі саясат басқармасының басшысы делік. - Беке, сізді Бауыржан Қыдырғалиұлы шақырып жатыр...-десе. Мен шәйімді тастай сала сыртқа шықсам. ЗИСі құрсын, кәдімгі Кәмри саракопкысымен-ақ алып кетсе. Бұрынға Фурманов, қазіргі Назарбаев көшесімен тіке тартса. Акиматқа қаратай. Сосын ол менен сұраса.
- Қазір не жазып жүрсіз?-десе.
Мен көп ойланбастан, даусыма шаттық пен мейірімді арластыра созып:
- Өөөөөтттееее бақыттымын деген өлең жазып жүрмін,-дер едім.
Ебаааа, ондай бақыт қайда. Ешкім шақырмағасын осылай қыртқан пост жазып жүре бересің да. Әйтпесе, бақытыңды жырлауындай-ақ жырлап берер ем ғой. "Ертең келіп басқа жан, Бақытыңды жырлайды..."
461 жазбалар50 тіркелуші
0