Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Головкиннің 2018 жылғы келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «Канеломен» кездесуі ойдағыдай өткен жағдайда, оның негізгі мақсаты WBO орташа салмағы бойынша әлем чемпионы британдық Билл Джо Саундерс болады, деп хабарлайды Sports.kz.Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, 5- мамырда өтетін екінші кездесуден кейін Сауль Альвареспен үшінші кездесу туралы келіссөздер әлі жүргізілген жоқ.«Үшінші кездесу екі жақтан да талқыланбаған нәрсе. Эрик Гомес пен мен екінші кездесу туралы ғана келістік. Үшінші кездесуге қатысты келіссөздер мағынасы болмады. Біз үшінші мәрте кездесудің мағынасы бар-жоғын, екінші кездесуде жеңген боксшы шешсін деген тұжырымға келдік. Егер трилогияның үшінші бөлігі болса, онда оны дереу ұйымдастырмаймыз. Егер Головкин жеңіске жетсе, онда келесі қарсылас Билли Джо Саундерс болады», - дел…

0
0
327

БАӘ-не барар алдында білуіңіз керек мәліметтер

Дипломаттың айтуынша, бұл мәліметтерді білу сапар кезінде жағымсыз жағдайлардан аулақ болуға септігін тигізеді.«Сіздер білетіндей, 2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары үшін Әмірліктеріне визасыз режим ашылады. Осыған байланысты сіздерге БАӘ-ге сапары кезінде білу және ұстану қажет жалпы ережелер мен практикалық ұсыныстармен таныс болып, оларды ұстануды сұраймыз», - деп жазды елші.Дипломат жол жүру құжаттарының жарамдылығын тексеруді ұсынады, паспорттың жарамдылығы сапар аяқталғаннан кейін алты айдан аз уақытқа болмауы тиіс.«Шекарадан өту кезінде Қазақстанның барлық азаматтары жеке паспорты бар және жалпы режимде паспорттық бақылаудан өтуі керек. Сонымен қатар БАӘ-нің ішкі заңнамасына сәйкес ата-аналарымен (қорғаншыларымен) бірге Әмірліктерге бара жатқан балалар шекараны к…

0
0
415

Ілініп түн тұр тауларға

Дамылдап тірлік қалған ба?!

Алыстан оттар жанады

Жай таппай мына жалғанда,

Адасып жүрген арман ба?!

Жарқ етіп, кейде бір өшіп,

Бұлаңдап, шалқып, тұр есіп.

Сөндірмек болған самалмен,

Сөнгісі келмей күресіп.

Бір жанады оттар, бір өшіп.

Адасып жүрген боларсың,

Отқа тарт, түнгі жолаушым!

От жанған жерде - ошақ бар,

Барарсың, мүмкін қонарсың:

Отқа тарт, отқа, жолаушым,

Жоғалсын үрей, жоғалсын!

Ұмтылып келер күндерге,

Жанады оттар түндерде.

Тіршілік барын аңғартқан,

Жанады оттар жан-жақтан,

Әкеліп үрей кімдерге,

Әкеліп үміт кімдерге

Жанады оттар түндерде.

0
0
523

Экономикалық пост 😊

Көрсек танып, естісек түсінеміз. Бірақ көп жерде айтылмайтын, өлшенбейтін, санмен де салмақпен де есептелмейтін өлшем бар. Бұл маңызды өлшем - береке деп аталады. Берекелі болса 5 мың теңге 500 млн доллардан да пайдалы болады. Алладан сан емес бұйырғанының берекесін сұрасақ, миллиондап тауып жатқандардан да бай боламыз. Себебі берекеде есеп болмайды. Алла не берсе де берекесімен берсін! Демалыс, берекелі болғай!

Ақпарат көзі

0
0
353

Неге тынышталып қалдыңдар

Инстаграмда да фейсбукте де сайттардан көп жазып жатыр. Ең алдымен алаңдап, жаңалық күтіп, Қанат Исламды іздеп жатқандарыңызға рақмет айтқым келді. Бізде жаңалық көп. Өте көп. Сіздер асыға күтіп жүргендеріңіз сияқты біз де сіздерге тезірек айтқымыз келеді. Бірақ, талаптар бойынша әзірге тыныштық режимін қосып қоюға тура келіп тұр. Айта кетуге болар мәселе Верамен болатын жекпе-жектен Қанат Исламның өзі бас тартқан жоқ. Бас тартты деген ақпарат қайдан шыққанын, кім айтқанын анықтап жатырмыз. ҚАЗАҚ Верамен кез-келген жерде кез-келген уақытта шығуға дайын. Біз Верадан да мықты қарсыластарға дайынбыз, қаншама рет жекпе-жекке де шақырдық. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Біз сіздерді қатты құрметтейміз, жылы пікірлеріңізді оқып отырамыз. Қазір жаттығудың екінші кезеңіне көштік. Күніне 3 сағат ж…

0
0
295

Үйтіп неғымаңыздар

Қазір смартфонның адамның он үшінші мүшесіне айналып, алақанына алақан болып жабысып қалғаны қаш-ша-ан. Ендеше, сол уақытымызды уысымыздан шығарып жатқан телефоннан бір пайда табайық та. Мысалы, Кaztube бейнеплатформасы жариялаған «Мобильный репортёр» деген байқаудан.

Ай сайын жұмыс телефонына, тфу, ұялы телефонға түсірген үздік бейне үшін депутат айлығының үштен бірін - 200 мың теңге беріп тұрады. Ол бейнені иеще Bnews және BAQ порталдарына басады дейді. Иә, сіздер үшін басты шарт - бейне салынған соң, алғашқы тәуліктерде тәуір көрсетілім жинауы тиіс. Былайша айтқанда, Kaztube.kz-ке бейне жүктесеңіз, автоматты түрде байқауға байқамай қатысып кетесіз.

Ақпанның соңында алғашқы нәтижелерін шығара бастайды, сондықтан, үлгеріп қалыңыздар!

Ақпарат көзі

1
0
339

"Әркімге бұйырғаны"

Басқа-басқа, дәл қазіргі Германияда бұл сөзді қолдансаңыз, жұртшылық қарсы шығады дей беріңіз. 1998 жылы Нокиа сыртқы панелін ауыстыруға болатын телефонын жарнамалаған кезде, осы сөзді слоган ретінде қолданған еді. Қарсы болды жұрт - алдырып тастады. Неге десеңіз, бұл сөз Бухенвальд концлагеріндегі бас қақпаның маңдайшасында жазулы тұрған еді. Жаппай өлтіруге үндейтін сөздей қабылданады әлі күнге...Тағдырдың саған не сый даярлап тұрғанын ешкім білмейді. Германиядағы келесі бір Берген-Бельзен концлагерін 1945 жылы ағылшын әскерилері азат қылғанда, толған өлікті жою үшін үлкен-үлкен ор қаздырады. Ал өліктерді тиеу үшін лагердің бұрынғы күзетшілерін мәжбүрлейді. Сонда ағылшындар әлгі күзетші әйелдердің қолына қолғап бермей қояды. Жаза ретінде. Әбден іріп-шіріген өліктерді жалаң қолмен тасыға…

0
0
474

Қандай ғажап, ә!

Керемет пиар. Пиар дегенге Timur Bektur ренжімес, сәбеттер луноходымен Айдың бетіне вымпелдерін апарып тастағанда да пиар деген әмерикалықтар. Бұл он жылдан бері жылды табыспен жаба алмай келе жатқан Теслаға пиар, алдымен. Бір мойындайтыным, біз 80-90-шы жылдары «инженер» дегенді «айлық орнына бір қорап болт пен гайка алатын ит жұмыс» деген түсінікпен қатар қойып жүргенде, орыстың да, әрине, біздің де қасымыздан әміркендер оза шауып өтті. Екі рет экипажы жанып кетсе де, ұясына қайтып қонатын шаттлдары өзін ақтады-ау, 30 жылда 135 рет ана жаққа барып-қайтты. Технология жағынан ақтады. Қаржы жағынан ақтамады – ол үшін шаттл жылына кемі 30 рет ұшу керек еді. Мұндай технологиялық жолды НАСА салып бергенде, Илон Маск оны дамытпай, ақымақ болып па? Кеше Falcon Heavy-дің «батарейкалары» жерге қа…

0
0
434

Ең соңғы жаңалықтар

Жасасын, сауаттылық! Ержан Рашев Фэйсбукті қойып, Вконтактедегі үздік посттарды да көшіріп бастады. Жасасын, ұрлық! "Рухани жаңғыру" бағдарламасына жауаптылар өзінің шоу-поп әншілердің концертіне жапсырылған логотиптер үшін жауапты екенін біліп қойды. Жасасын, жаңғырық!

Ақпарат көзі

0
0
276

Бақ пен байлық

Байлық дегенде сол дүниеауи байлықты айтып отырған жәйіміз бар. О, тіршілік, не берсенде арнап бер. Алтың балық ілінетін қармақ бер. Бақыт бер де, сол бармақтай бақытты Басып тұрар құдыретті салмақ бер. Қадыр ақын осылай дейді. Шындығында сол бізге бақ пен байлық берсе салмақ бермейді. Салмақ берсе, сол салмағымыз орнымыздан тұрғызбай тастайды да, не байлыққа, не бақытқа жете алмай жатамыз. «Все счастливые семьи похожи друг на друга, каждая несчастливая семья несчастлива по-своему». Арыстан ағай (Мұхамедиұлы емес екені екі жыл кластан қалған Еремаға да белгілі) осылай дейді. Толстойдың осы бір қанатты сөзін сәл өзгертіп көрейік. «Барлық бақытты отбасылар өздерінше бақытты, ал, барлық байлар бір-бірінен аумайды». Рас, біздегі байлардың барлығы бір жұмыртқадан шыққандай. Билік басына барып,…

1
1
5097