Бақытты Жамал (Шағын хикаят)
Бір күні Жамал күндегідей тірлігін жасап жүрген. Үйде жалғыз еді. Бір кезде іші бүлк етті. Шошып кетті. Бұрын да бірді-екілі басы айналғандай болған. Енді міне. Шынымен солай болғаны ма? Жамалдың жүзі жанып сала берді. Айнаға қарады. Бұрын осы айнадан мұңға, ойға толы көзді көретін. Бұл жолы басқа адамның көзін көрді. Кәдімгі жас адамның жалынды жанары. Қуанышқа толы көз. Өмірге құштар жанар. Тағы да көзіне жас толды. Бұл бірақ қуаныштың жасы еді. Қуаныш демекші, Қайрат қалай қарар екен? Ол қуана қоя ма? Баяғы көрші кемпірдің әңгімесі есіне түсті. "Өзі бала туса мына баларға қарамай, өз баласына тартып кетеді, сондықтан тумайтын адам керек деп сені алды" демеп пе еді. Қайратқа қалай жеткізерін білмеді. Бойында аздаған қорқыныш пен уайым да жоқ емес. Бәрібір айту керек. Бекер қорқып, бекер…
