Ормандағы оқиға
Көргендер де, Көрмеген де арманда, Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда. Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да, Қара аю да, күшіген де, жылан да, Қырғауыл да, қосаяқ та, зорман да, Бас қосыпты сол маңда. Қоян кепті қос құлағы ербеңдеп, Тасбақа да орын тепті төрден кеп. Сан орманның тамашасын тауысқан Ән шырқады ала қанат сауысқан. Жапалақ та ән шырқады толғана, Кезек әзер жеткен кезде қарғаға, Маңдайына алақанын жастана, Тыңдаушылар қалғып кетті, масқара. Қоян айтты: - Қалай болған күнде де, Ән кезегін ұсынған жөн Пілге де! Бір тыңдаушы айқай салды: - Немене? Өнер шіркін, қара күшке көне ме? Одан қайта Піл ағай Тауға барып тасымай ма бөрене? Бірақ жұрттың елең қылмай бұл сынын, Піл ән салды бұлғаңдатып тұмсығын. Тумады-ау деп ой сергітер байтақ ән, Қалың қауым қалғып кетті қайтадан. Осы сәтте Б…
