Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Қазақ тілі даму үстінде

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қазақ тілін дамыту мақсатында "Қазақша Уикипедия" атты жас уиқипедияшылар клубын құрған болатын. Бұл клубтың басты мақсаты жоғарыда айтып кеткендей, қазақ тілінде энциклопедия талаптарына сай мақалалар жазу. Ашылғанына аз уақыт өткеніне қарамастан клуб қатысушылары бірнеше мақала жазып, мақала жинау барысында шағын барлауға да барып үлгерді.

Оқушыларға келер болсақ, олар сабаққтың көптігіне қарамастан біліммен қатар өнер ді де, мәдениетті де және осындай жазушылықты да бірге алып жүр. Өз сезімдерімен бөліскенде жас уикипедияшылар « ...мақала жазуды аяқтағанда бір өзгеше сезімде, мақтанышта болдым» деген. Бұдан біз қазақ тілін дамытуға үлес қосумен қатар, мақала жаза отырып тұла бойымызда патриоттық сезімнің оянатынын, өсе түсетінін көреміз. Осылай жазу арқылы қатысушылар білім үстіне білім қосып, алдағы өмірлеріне керекті ақпараттың мол қорын жұмыс барысында толтырады деп сенемін.

 

Елбасымыз айтып кеткендей, еліміздің басты мәселелерінің бірі тіл мәселесі. Ересектердің көпшілігі құр сөзбен айтып, іспен дәлелдемегендіктен оқушылар осындай кішкене болса да пайдасын тигізу үшін еңбектенуде.

Сізде қосылыңыз, оқырман! Өйткені, қазақ тілін дамытушылар сіз бен біз ғана...

 


 
7
1
871

Осы тақырып бойынша