Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Жаныма жазылмас жара салған жігітім

Тоғжан Нұрғалиқызының новелласын назарларыңызға ұсынамын

- Ол кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы еді, - деп бастады жиырма жасар бойжеткен әңгімесін... "І курсқа түскен кезімде (16 жасымда) жалғыз көшеде жүргенім үшін қала тыныштығын қадағалап жүрген полиция қызметкерлеріне тап болдым. Жап-жас жігіттер, жәутеңдеген көздерімді ескерген болар, бір жолға кешірім беріп үйге жеткізіп салды. Жол-жөнекей танысып бардық. Өздері менен 7-8 жасқа үлкен екен. Алайда сол күннен бастап солардың бірімен таныстығымыз жалғаса берді. Жиі кездесіп жүрдік. Басқа туыстарымның қарсылығына қарамастан ол туралы ата-анама айттым, сүйетінімді де жасырмадым. Кездескенімізге 6 айдан асқанда ол мені "асыл затымнан" айырды. Онымен қосылмас бұрын құрбыларым соңы жақсылыққа ұласпасын ескерткен еді. Ешкімнің пікірін құлаққа аспай, тек сүйгенімнің сүйіктісі болғым келді, ақырында бармағымды тістедім де қалдым. Бір күні мен оны тексермек ниетпен "аяғым ауыр" дедім, ал ол бірден баладан құтылудың қамына кірісті.

Жасы отызға таяп қалса да әлі күнге қыз сезімін қорлаумен келе жатқан сүйген жігітімнің бұл қылығы жүрегіме қанжар болып қадалды, қатты қиналдым. Сонда да оны қия алмадым. Ал екеуміздім жақын қатынаста болғанымыз жайлы құлағдар болып үлгерген оның арам ойлы әріптестері де теріс пиғылмен мені айналшықтай бастады, алайда олардың діттегені бола қоймады. Бір күні оның тағы бір қызметтес досымен таныстым. Ол ештеңеден хабарсыз екен-ді, оған бар жайды өзім айттым. Ал ол мені жылы сөздерімен жұбата білді. Осылайша кездесе бастадық. Кәмелет жасқа толған күнімде сол жігітке тұрмысқа шықтым. Бүгінде егіз қыздарымыз бар. Аллаға шүкір, жарым мені алақанына салып аялап келеді. Бірақ сәтсіз басталған алғашқы махаббатым жаныма жазылмас жара салып кетті. Жолдасым оны бетіме басып айтқан емес, дегенмен пәктігімді өзімді сүйген емес, өзім сүйген жанға арнап ақымақ болғаным жүрегімді езіп жібереді. Артымда сіңлім, өз қыздарым бар. Мұндай қателік олардан аулақ болса екен деп тілеймін енді тек."

Иә... Қиын-ақ жағдай. Тесік моншақ жерде қалмады, дегенмен өрімдей қыздың өмірімен ойнаған жігіт жасы отыздан асса да әлі күнге жалғызбасты деседі. Бәлкім, байғұс қыздың көз жасы жібермеген болар...

Автор: Тоғжан Нұрғалиқызы Қасқарбаева

 

0
0
1517

Осы тақырып бойынша