OFFline бағдарламасы
Алматы телеарнасында #OFFline бағдарламасы биыл өз деңгейінде өтті. Алматыдағы атақты блогердердің барлығы экранға шығып, online-да айтып жүрген пікірлерін #OFFlinе-да айтты. Мамандарға кеңес айтып, өз ұсыныстарын жеткізді. Қоғамдағы қордаланған һәм қызу талқыланып жатқан мәселелерді экранға шығаруға жол ашқан Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы телеарнасының басшылығына блогерлердің атынан алғыс білдіремін. Себебі біз әлеуметтік желіде ғана айтып, сынап жүрген мәселелерді бұл жолы сол сала маманының өзіне айтуға мүмкіндік алдық. Мәселен трамвайдың тоқтатылуына қатысты "АлматыЭлектроКөлік" басқармасының маманын шақырып, көкейдегі сұрақтарды қойдық. Бағдарлама қонағы журналист Мариям Абсаттар болды. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі белсенділігі туралы да өте пайдалы ба…

