Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Ойдәптерден

Күлімдеші өмір маған, күлімдеші!

Қабақ түйіп ешқашан түңілмеші.

Аспанымда Күн күліп, Ай арайлап,

Жақсылықтың маған бір гүлін берші.

***

Армандарға қол создым биік-биік.

Тұлпарлардан озам деп небір жүйрік.

Жаратушы Алладан дұға тілеп,

Сенімімді арқалап, ақыл түйіп.

***

Иманым мен нәпсімді таластырмай,

Тоқпағыннан өзіннің адастырмай,

Күлімдеші өмір маған, күлімдеші!

Арайланған ақ таңмен бірге келші!

Жақсылық Жақсыбай

 
1
0
445

Осы тақырып бойынша