Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Instagram және PR

Бүгін PR үшін ең ұтымды және жеңіл платформалардың бірі - Instagram болып табылады.

Қазіргі кездегі ең әйгілі әлеуметтік желі туралы сөз қозғайтын болсақ, біріншіден жалпы статистикаға тоқталып кетейік.

Инстаграм желісі жұмыс істеуді бастағанда •1 млн. адамды - 1 ай ішінде жинайды.

Салыстырмалы түрде Foursquare және Twitter 2 жыл ішінде осындай нәтижеге жетеді.

Әрбір бір секунд сайын8500 лайк қойылып, 1000 комментарий жазылады.

Instagram брендтік аккаунтары (2015, қараша):

•National Geographic -36.4m

•Victoria’s Secret – 25.9m

•Nike – 28.7m

•Forever 21 – 8.7m

•9GAG – 22.8m

•Starbucks 6.5m

•MTV – 4.4m

Ең әйгілі хэштег: #love #beautiful #cute #summer #me #girl #tbt

Бір қызық жәйт Instagram-ға тіркелген адамдардың 37%-ы ешқашан фото салған жоқ.

Ал енді Instagram-да PR қалай жүретініне көз жеткізейік.

Сіздің PR-ңыздың жүруіне followers-і көп платформалары көмектеседі. Мысалға алатын болсақ, қазіргі кездері 208 мың қолдаушылары бар  https://www.instagram.com/dubsmash_kaz/ сіз үшін жақсы мүмкіндік. Бұл парақшаның мәні неде? Сіз dubsmash программасын AppStore немесе PlayMarket дүкендерінен жүктеп алып, кез-келген өлеңге видео түсіресіз, оны инстаграмға салып, #dubsmash_kaz хештегін белгілейсіз. Видеоңыз креативті түсірілетін болса, оны бірнеше МЫҢ адам көретін парақшаға жүктейді. Нәтижесінде, адамдар қызығып, сіздің инста-парақшаңызға жазылады.

Тағы бір инста-дағы PR бүгінгі жастар арасындағы әйгілі Vine (вайн) түсіру арқылы жүреді.

Жастар бірнеше секундтқа (6-15) созылатын қысқаша, алайда күлкілі видеоларды түсіреді. Бүгін осындай видеоларды түсіріп, инстаграмға салу арқылы әйгілі болған көптеген жастар бар.

Қазақстандық инстаграмда ең әйгілі вайн түсірушілердің бірі https://www.instagram.com/batyroff/. 548 мың followers-тері бар.

Queex instavine https://www.instagram.com/queeex/ жобасын 378 мың адам қолдайды.

Көп адамдар инстаграмда өзіннің блогын жүргізу арқылы әйгілі болады. Мысалы, 18 жасар https://www.instagram.com/aeka.posh/ қыздарға өз кеңестерін беріп, әйгілі болды. Қазіргі кездері оның ақылы түрде жарнама жасайтыны туралы көп сөз қозғалып жатыр. Оған бірнеше дәлел келтіруге болады. Алайда, бұл осы постта емес ;)

 

Қортындылай келе, Instagram желісі сіздің PR-ңыз үшін жақсы платформа және де сіздің әйгілі болуыңыздың ең жеңіл жолы. Дәл қазір қай салада дамитыңызды таңдып, бастасаңыз болады ;))

P.S Менің инста-парақшама қосылыңыздар:))

https://instagram.com/bsabinana/

 
3
0
1175

Осы тақырып бойынша