Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шымкенттің жастары болып 25 игі іс істеуді қолға алдық. Алғашқы шараны Арыс қаласындағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көңілін көтеруден бастадық. Достарыммен жиналып, ақылдасып балалар үйіне баруды жөн санадық. Ол жаққа құр қол бармай, базардан сыйлықтар сатып алып, дастархан жаюды жоспарладық. Жоспар бойынша 1 қойды сойдық. 16 жыл Өзбекстанда палау басқан белгілі аспаз Нұриддин Сабировты арнайы шақыртып, дәмі тіл үйіртетін палауын дайындаттық. Бұл кісінің палауын жеген де жемеген арманда. Ешқайсымыз қарап тұрған жоқпыз. Біріміз отын жарып, енді бірімыз аспазға ет турасып, тамақтың түске дайын болуына атсалыстық. Ал, қалған жігіттер АКТ залына барып, тамақ піскенше концерттік бағдарлама қойды. Ән айтылды, би биледік. Қуыршақ театрының өнерпаздары өз…

1
0
1524

Өзбектер қазақтарға шапан жапты

Қысқа да нұсқа ақпарат!
Шымкент қаласының іргесінде орналасқан өзбек ағайындар көп шоғырланған Сайрам ауылында бүгін берекелі кеш өтті. Оңтүстіктің белгілі айтыскер ақыны Біржан Байтуов пен Нұрлан Есенқұлдың айтысы жиылған жұрттың көңілін көтеріп, ерекше әсер сыйлады. Ақындар елдікті, ұлтаралық татулықты айтып, жырларымен "бірлік жібін" байлап, ұлттық өнерімізге өзбек ағайындарды тамсантты. Сайрам тұрғындары, мешіт имамдары ақындардың сөзіне риза болғаны соншалық құрметтеп қос ақынға шапан жауып, ақсақалдары батасын беріп алғысын айтты. Бұл ұлттық өнеріміздің беделі мен берекесінің дәлелі.


1
0
2634

«Қазақ аруы 2016». Фоторепортаж

Елордада «Қазақ аруы» байқауының іріктеу кезеңі өтті. Дүбірлі додаға қатысуға ниетті бойжеткендер еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, қазылар алқасын өнерімен тамсандырды. Үздік деп танылған 20 үміткер наурыз айында бас жүлде үшін бақ сынайды. Осымен алтыншы мәрте өткелі жатқан байқау сыртқы сұлулық пен рухани дүниенің үйлесімділік табуына ерекше назар аударады. Қазақ аруы ана тілін еркін меңгерген, ұлттық дәстүр мен ел тарихын, мәдениетін жетік білетін қыздардың додасы. Сондай-ақ, бойжеткендердің шашы ұзын, бойы 170 сантиметрден, ал жасы 22 -ден кем болмауы тиіс. Дүбірлі доданың телевизиялық нұсқасын 22 наурызда байқаудың ақпараттық демеушісі «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар. Іріктеу кезеңінен 20 бойжеткен өтіп, екі ай бойы білікті мамандардан дәріс алады. Байқау жеңімпазына алтын тә…

1
1
1359

Қайсысы үздік: BMW ма әлде Mercedes пе? 2-ші бөлім

Audi, BMW және Mercedes – тің сатылымы жайлы деректерді жариялағанымызда жазба астында біздің ойлағанымыздай қызу пікірталас басталды. Audi – дің жақтастары Porsche, Bugatti және Lamborghini – дің сатылымы жайлы деректерді жариялауымызды сұрады, ал оған жауап ретінде Mersedes жанкүйерлері тізімнен жүк көліктерінің, оқушылар автобусының және өзге де аз тонналық көліктердің сатылымының статистикасын көргісі келетінін айтты. Қысқасы, сол баяғы дау – дамай. Тіпті, BMW – де шамамен 19, ал Mercedes — те 19, ал Audi – дің 13 қана моделі бар екенін, бұл бағалау тәсілі әділетсіз екенін айтып даурыққандар болды. Енді барлығы да әділетті болуы үшін, модельдік қатардың дәл ортасы, үлкен үштіктің ең маңызды тобы бизнес – класс седандарының сандық көрсеткіштеріне назар аударайықшы. Салыстыру үшін Европ…

1
0
2870

Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?

Пікірталас бір сәтке де тоқтаған емес. Қайта аталған екі брендтің бірінде жаңа көліктің таныстырылымы өткен соң тартыс күшейе түсетін секілді. Қызу пікірталас барысында қарсы тараптар әлем бойынша (Қазақстанды қоса алғанда) қанша көлік сатылғанын талқылайды. Осы арқылы 2015 жылы қай көліктің танымалдылығы жоғары болғанының бұлтартпас дәлелін көпшілікке көрсетеді. Сонымен, 2015 жылы сатылған көліктер саны: 1 905 234 — BMW 1 871 511 – Mercedes BMW: Барлық модельдер 2014 жылмен салыстырғанда ерекше өсімді көрсетті. Атап айтсақ, үздігі i (ай)-мобилдер: BMW i3 — 29 513, және BMW i8 «бар жоғы» — 5 456. Mercedes: Ең көп сұранысқа ие болған жаңа C-class (444 000 көлік), ал жеке Еуропа нарығында қосынды саны 583 000 көлікпен «оқ бойы» алға озып шыққан A/B/CLA/GLA «кіші топтамасы». Audi қайда деп с…

2
0
2669

Әлемдегі ең эксклюзивті жол талғамайтын көлік

Bentley Bentayga жол талғамайтын көлігінің эксклюзивтілігі сіз үшін жеткіліксіз «эксклюзивті» болса, біз бұл мәселенің шешімін таптық. Bentley жылына 4000 автокөлік шығаруды жоспарлап отырғанын ескерсек, оның қай жері эксклюзивті? Әсіресе, өте сирек кездесетін, осы кезге дейін құрастырылған көліктерінің саны бар жоғы 301 дана Lamborghini LM002 – мен салыстыру сөзімізді растайды. 301 дана, Карл! Lamborghini Countach суперкары ұсынған қозғалтқышы V12 (450 ат күші) итальяндық супер – жол талғамайтын көлігі (0-100 за 7.8 секунд) қарапайым автомобиль ғана емес, бұл «пайдалы шығын»! 2015 жылдың басында Lamborghini LM002 бағасы $240,000 шамасында еді, ал қазір бағасы $350,000 – ға дейін көтерілді. 2 – 3 жылдан кейін не болатынын елестетудің өзі қиын. Жаңа Lamborghini LM002 – нің құны қанша болға…

2
1
481

КАСКО: Қажеттілік пе?

WhatsApp-та талқыланып жатқан тақырып келесі ойға итермеледі: Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдайда ерікті сақтандыру қаншалықты тиімді? Соны қарастырайық. Валюта бағамы 185 бойынша Volkswagen Passat газ тарату механизмінің шынжырын ауыстыру: 60,000 (қосалқы бөлшектер) + 80,000 (жұмысы) = 140,000 (барлығы). Қазіргі 366 валюта бағамы бойынша сол рәсім 125,000 + 90,000 шығады. Ортақ сомасы 215,000 теңгені құрайды. Жақсы, бұл шығындарды алдын ала жоспарлап қарастыруға болатыны түсінікті. Алдын ала қарастырылмайтын жол-көлік оқиғасын алайық, бұл жағдайда күтпеген шығындар, онымен қоса жөндеу жұмыстарының шығыны да қалтаны қағып түсуі мүмкін. Валюта бағамының 185тг. көрсеткіші бойынша ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын ауқымды шығындарсыз жүзеге асыруға болатын. Ал валюта бағамы 366тг.-мен Қал…

1
0
773

Шаршадың, білем сенің талғаныңды

Шаршадың, білем сенің талғаныңды,
Дүниеде жалғызсырап қалғаныңды.
Тұрмыс әбден жүдетті талғамыңды.
Болмыс әбден күл етті арманыңды,

Көтер еңсеңді, оян да жігерлен!
Бойыңда қуат пен рух бар, өрілген.
Жаһан - қатігез, онсыз да білесің, 
Өмір - алуан, жыларсың, күлерсің.

Қиын, білем аяқтан соққанын,
Сынақтардың үмітті жаққанын.
Берілме, дайындал енді төзуге, 
Өмір -мұхит, әзірлен онда жүзуге!

Бұралан, түзе кәне арқауыңды!
Өлтір, шалқайған жалқауыңды.
Түй жұдырықты, көрсет азуыңды!
Тоқтатпа, жарық жаққа қазуыңды!

5
1
657

Алматыдағы ерекше BMW

BMW Z8 – ерекше көлік. Себебі, бүгінге дейін әлемдегі бұл автомбоильдің саны өте аз және дәл осы көлікте 1999 жылы Пирс Броснан «Әлемге бергісіз» (THE WORLD IS NOT ENOUGH) филімінде қарақшылармен айқасқан болатын. Алғашқыда автомобиль BMW 507 (1956 — 1959) классикалық родстерінің құрметіне концепт – кар ретінде құрастырылған болатын және ең алғаш 1997 жылы Токиодағы авто – шоуда Z07 ретінде таныстырылған. Концепт – кар халықтың көңілінен шыққаны себепті көлікті сериялы өндіріске жіберуді жөн көреді. Z8 – ді құрастыру барысында құрастырушылар классикалық 507 — дегідей алюминийді молынан пайдаланды. Нәтижесінде автомобиль қаңқасы жеңіл, ал шасси икемдірек болып шықты (ось бойынша салмақтың таралуы 50/50). Ұзын алюминді капот астында родстерге бар – жоғы 4,5 секундта 100 км/сағ жылдамдықты а…

4
6
1689

Қысты қызықты өткізу үшін...

Медеу, Шымбұлақ, Ақбұлақ, Табағаннан басқа қыста қайда барап демалсақ болады? Алматыда отбасымен барап, демалып қайтатын жер бар ма? Ақша төлемейтін, тегін жерлер болса күшті болушы еді деген сұрағыңыз болса, бұл пост сіз үшін. Алматы қаласы. Алмарасан. Бұлақтан өткен кезде, өзіңіз ойлағандай жерге тап боласыз. Күшті жер. Ешқандай кедергісіз күндіз түні сырғанай бересіз. Өзіңізбен бірге шана алып бармасаңыз да болады. Сол жерде жалға балондар беріледі. 1 сағатқа 500 тг. Қарныңыз ашса, ыстық бауырсақ пен самаурын шәйі тағы бар. Бірақ, оны сатып аласыз :) Айтпақшы өзіңізбен бірге жұрттар сияқты қазан-ошақ алып келіп, тамақ пісіріп жеуге болатын таптырмас орын бұл. Жалға берілетін жылқылар да бар. Тауға қарай шабасыз да кетесіз. Сенбі жексенбі адам көп болады. Достармен келіп, кәуәп пісіріп,…

0
0
1310