Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Алматыдағы ерекше BMW

BMW Z8 – ерекше көлік. Себебі, бүгінге дейін әлемдегі бұл автомбоильдің саны өте аз және дәл осы көлікте 1999 жылы Пирс Броснан «Әлемге бергісіз» (THE WORLD IS NOT ENOUGH) филімінде қарақшылармен айқасқан болатын.

Алғашқыда автомобиль BMW 507 (1956 — 1959) классикалық родстерінің құрметіне концепт – кар ретінде құрастырылған болатын және ең алғаш 1997 жылы Токиодағы авто – шоуда Z07 ретінде таныстырылған. Концепт – кар халықтың көңілінен шыққаны себепті көлікті сериялы өндіріске жіберуді жөн көреді.

Z8 – ді құрастыру барысында құрастырушылар классикалық 507 — дегідей алюминийді молынан пайдаланды. Нәтижесінде автомобиль қаңқасы жеңіл, ал шасси икемдірек болып шықты (ось бойынша салмақтың таралуы 50/50).

bmwZ8_2

Ұзын алюминді капот астында родстерге бар – жоғы 4,5 секундта 100 км/сағ жылдамдықты алуға мүмкіндікті беретін BMW M5 E39 – дағы сияқты күші 400, көлемді V8 (4,9 литр) мотор орналастырылған.

2001-BMW-Z8-engine

1999 бен 2003 жылдар аралығында бар жоғы 5703 автомобиль құрастырылған, ал бұл көліктің бүгінгі таңдағы бағасына әсер еткені сөзсіз. АҚШ – та 1999 жылғы алғашқы бағасы $128 000 (қазіргімен $183,400) болса, қазір айдалған Z8 $200,000 — дан $300,000 — ға дейін (күйіне байланысты) бағаланады. Және бағасы жыл сайын өсе бермек.

BMW-Z8-006

Енді менің осы ерекше көлікті Алматы көшелерінде кездестірген кездегі таңданысымды елестетіп көріңізші. Құнын жоғалтпайтын, қайта жыл сайын қымбаттай түсетін санаулы көліктердің бірі бұл. Ерекше жағдай емес пе? Қалай ойлайсыз?

bmw_z8_almaty (3)

bmw_z8_almaty (2)

bmw_z8_almaty (1)

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе Facebook және Instagram — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе Youtube — та маған жазылыңыз.

   
4
6
1681

Осы тақырып бойынша