Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шымкенттің жастары болып 25 игі іс істеуді қолға алдық. Алғашқы шараны Арыс қаласындағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көңілін көтеруден бастадық. Достарыммен жиналып, ақылдасып балалар үйіне баруды жөн санадық. Ол жаққа құр қол бармай, базардан сыйлықтар сатып алып, дастархан жаюды жоспарладық. Жоспар бойынша 1 қойды сойдық.  16 жыл Өзбекстанда палау басқан белгілі аспаз Нұриддин Сабировты арнайы шақыртып, дәмі тіл үйіртетін палауын дайындаттық. Бұл кісінің палауын жеген де жемеген арманда. Ешқайсымыз қарап тұрған жоқпыз. Біріміз отын жарып, енді бірімыз аспазға ет турасып, тамақтың түске дайын болуына атсалыстық. Ал, қалған жігіттер АКТ залына барып, тамақ піскенше концерттік бағдарлама қойды. Ән айтылды, би биледік. Қуыршақ театрының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, балаларға керемет көңіл күй сыйлады. Өзімізбен бірга ала барған сыйлықтарды да сол жерде табыстадық. Әрқайсысына сүртінетін сүлгі, сосын дігіттерге киетін жылы аяқ-киім алып барып балаларды қуанттық. Біреуді қуанты арқылы қуанудан асқан бақыт жоқ екенін сезініп қайттық. Алдағы уақытта мұндай шаралар өз жалғасын табады. Айтпақшы, мұндай іс-шараны ұйымдастыру түк қиын емес. Біз сияқты сіздер де достарыңызға айтып, 4-5 мыңнан жинасаңыздар, балалардың көңілін көтеріп қайтуға болады. Тек ниет керек. Сөзден іске көшу керек! Ары қарай суреттер сөйлесінші :)

1 қойдың еті

Отын жарушылар)

Супер аспаз

Қойдың еті қазанда қайнап жатыр

Құйрық май

Концерттік бағдарлама

Логикалық сұрақтар ойыны

Қуаршақ театрының Шрегі :)

Сұраққа жауап беріп сыйлық алған батыр

Аяқтары жаурамас үшін...

1
0
1519

Осы тақырып бойынша

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс - Yvision.kz