Мазмұнға өту
Дөңгеленген дүние
57 жазбалар3 тіркелуші

Қазақстан Ресейге балмұздақ жеткізу жөнінен бірінші орынға шығып отыр

Оңтүстік Корея екінші орында.

undefined

Фото: egemen.kz

«РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың алғашқы үш айында Ресейге ең көп балмұздақ тасыған елдер Қазақстан мен Оңтүстік Корея екен.

Қолжетімді мәліметтерге сәйкес, Қазақстан солтүстіктегі көрші елге 2,3 млн доллардың балмұздағын жеткізіп, оның Ресейге басты тасымалдаушысы болған. Ал Оңтүстік Кореядан 1,2 млн доллардың балмұздағы жеткізіліпті. Сөйтіп, бұл екі елдің қаңтар-наурыз аралығындағы Ресейге аталған өнім тасымалындағы үлесі 88% болды.      

0
0
351

"Керемет бала күтуші" қайтыс болды

Ресейлік белгілі актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды. Бұл туралы оның Instagram-дағы ресми аккаунтында жазылды.

undefined

"Бұны түсіну мүмкін емес. Сөз тауып айту да өте қиын. Бүгін түнде біздің Настя ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды. Оған жақсылық тілеп, денсаулығы үшін дұға жасаған және соған сенген әр адамға алғыс айтамыз. Настя әрдайым сіздердің қолдауларыңызды сезінді әрі қатты бағалады", - делінген жазбада.

Көпшілікке негізінен "Керемет бала күтуші" ("Моя прекрасная няня") сериалы арқылы танылған Анастасия Заворотнюк мидағы қатерлі ісікпен алты жылға жуық уақыт бойы күресіп келді. Бұл дерт одан 2018 жылдың күзінде кіші қызын босанғаннан кейін анықталған.

0
0
754

Үндістанда балалар саябағы өртеніп, көп адам қаза тапты

Үндістанданың Раджкот қаласындағы балалар саябағында болған өрт салдарынан 28

адам қаза тапқаны айтылуда. Бұл сан әлі де өсе түсуі мүмкін.

Қаза тапқандардың көбі - балалар. Олар құрылғылар құлаған соң саябақтан шыға алмай қалған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл ойын-сауық саябағы заңсыз жұмыс істеп келіпті.

0
0
567

Иранда президентті жерлеу рәсімі өтіп жатыр (видео)

Бүгін Иран президенті Ибрагим Раисидің денесін жерлеу үшін туған қаласы Мешхедке жеткізді.

undefined

Иранда Раисимен қатар онымен бірге тікұшақ апатынан қаза тапқан сыртқы істер министрі мен басқа да адамдар жер қойнына тапсырылып жатыр.

Ибрагим Раисидің денесі Мешхедтегі Реза имам кесенесіне апарылды. Ол жерде президентпен Иранның жоғарғы көсемі аятолла Хаменей қоштасады.

Бұған дейін қаралы шаралар Тебриз, Кум және Теһранда өтті.
Қоштасу рәсіміне 70-ке жуық елдің өкілдері барғаны айтылуда.

Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстаннан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов баратынын кеше хабарлағанбыз.     

Естеріңізге салсақ, Раиси мен оның серіктері 19 мамырда әуе апатынан қаза тапқан еді.

Иранда кезектен тыс президент сайлауы келесі айда өтеді.

0
0
491

Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды

undefined

«Жүргізілген мониторинг тіпті бірлі-жарым жаңа гендік нұсқаларды анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл мониторинг кезінде жаңа FLiRT нұсқасына қатысты 178 жағдай анықталды», – деп хабарлапты Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы қадағалау қызметі.

Ондағылардың айтуынша, вирустың жаңа варианты басқа штамдарға қарағанда аса қауіпті емес. Бұл жерде омикрон белсенді нұсқа болып қалып отыр. FLiRT пен омикронның белгілері ұқсас. Яғни адам қалтырайды, жөтеледі, тамағы, басы, бұлшық еттері ауырады, әлсіздік болады, дәм немесе иіс сезбей қалады.  

0
0
478

Иранда әуе апатынан қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне ондаған мың адам келді

Тебризде 19 мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрахим Раисимен, сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиянмен және басқа да адамдармен қоштасу рәсімі өтті.Бұл рәсімге ондаған мың адам жиналды. Қазір Иранда бес күндік аза тұту болып жатыр. Елдің көптеген қалаларында адамдар қаралы киіммен көшеге шығуда.Енді марқұмдардың денелері мұсылмандар үшін қасиетті Кум қаласына жеткізіледі. Ертең Теһранда аза тұту рәсімі өтеді.Иран президенті бейсенбі күні туған қаласы Мешхедте жерленеді.    Жексенбі күні президент пен басқа да жоғары лауазымды тұлғалар мінген тікұшақтың алдымен Әзербайжанмен шекараға жақын маңда өте жайсыз қонғаны туралы хабарланды. Кейіннен әуе көлігінің құлап, ондағы адамдардың бәрі қаза тапқаны айтылды.Енді Иранда кезектен тыс президент сайлау…

0
0
483

Иранда кезектен тыс президент сайлауы келесі айда өтеді

Үміткерлерді тіркеу 28 мамырда басталады. Бұл туралы Иран сайлау штабының баспасөз хатшысы Мохсен Эслами мәлімдеді.Фото: © APСөйтіп, бұл елде кезектен тыс президент сайлауы тіркеу басталғаннан кейінгі тура бір айдан соң, яғни 28 маусымда өтеді. Бұл Иран тарихындағы 14-ші президент сайлауы болмақ.   Елде кезектен тыс президент сайлауы осы уақытқа дейінгі мемлекет басшысы Ибрахим Раисидің дүниеден өтуіне байланысты өткізілгелі жатқаны мәлім. Ол 19 мамырда Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясында болған тікұшақ апатынан қаза тапты. Әуе кемесінде президентпен бірге сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малек Рахмати, Тебриз қаласының жұмалық имамы Мохаммад Али Але Хашем және президент күзетінің бастығы болған. Тіқұшақтағы жолаушыла…

0
0
426

Кеше болған тікұшақ апатынан Иран президенті мен сыртқы істер министрі қаза тапқан

Бүгін Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақтың құлаған жері табылғаны туралы хабар тарады. Негізі, басында ол өте жайсыз қонды делінген еді.

undefined

Фото: EPA / Иран президенті Ибрахим Раиси

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесінің сынықтары табылған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылардың 60 тобы мен дрондар жұмылдырылды. Бірақ таулы жер мен қалың тұман бұл жұмысты қиындатып жіберді.

undefined

«Тікұшақ көрініп тұр. Оның жағдайы аса жақсы емес», - деді Иран Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.

Артынан ол президент тікұшағында болған адамдардың бәрі қаза тапқанын хабарлады.

Кеше Ибрахим Раиси мінген әуе кемесінің жерге жайсыз қонғаны туралы жазғанбыз.

0
0
447

Иран президенті мінген тікұшақ қиын жағдайға ұшырады

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген Ми-171 тікұшағы жерге өте жайсыз қонған. Бұл туралы IRIB мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

undefined

Колоннада ұш тікұшақ болған. Министрлер мен басқа да шенеуніктер мінген екі әуе көлігі межелі жерге аман-есен жетіпті. Ал Иран президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиян отырған тікұшақ Әзербайжанда жерге өте жайсыз қонып қалған.

Осы оқиға болғанға дейін Раиси екі елдің шекарасында Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен кездескен. Онда жаңа "Худаферин" және "Гыз-Галасы" су тораптарының ашылу салтанаты өтті.

0
0
609

Қытайда жойқын су тасқыны болып жатыр

Қытайда нөсер жауын жойқын тасқынға ұласты. 50 миллион тұрғыны бар Гуанси өңірін су алып кетті.

Кей аудандарда қызыл су көшелер мен үйлердің бірінші қабаттарын басып қалған.

Билік аталған аймақта ауа райы қаупінің "қызыл" деңгейін жариялады. Су басқан аудандардан тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

t.me/sputnikKZ

0
0
347