Мазмұнға өту
Дөңгеленген дүние
57 жазбалар3 тіркелуші

Словакия премьеріне тағы бір ота жасалды

Ота Словакия премьер-министрі Роберт Фицо о бастан жатқан Банска-Бистрица қаласындағы клиникада жасалған.

undefined

«Дәрігерлер оқ тиген жерде қалған шірік тіндерін алып тастады. Ота шамамен екі сағатқа созылды. Пациент бұрынғыдай қарқынды терапия палатасында жатыр. Ол есін жиды. Жағдайы тұрықты, бірақ ауыр», – деді аталған клиниканың директоры.

undefined

Словакия премьер-министріне бірінші ота қастандық болған күні жасалды.

Естеріңізге салсақ, Роберт Фицоға Гандлова қаласында бірнеше рет оқ атылған еді. Ол бұл кезде үкіметтің көшпелі отырысынан кейін жергілікті тұрғындармен кездесуге шыққан болатын.  

0
0
470

Бішкекте өткен түнде не болды?

Қырғызстан астанасында кеше кешке 300-ге жуық жігіт көшеге жиналған. Олар жерлестерін шетелдіктердің ұрып тастағанына наразылық білдірді.Милиция кардон қойып, жаппай тәртіпсіздікті болдырмауға тырысты. Наразылыққа шыққандардың арасында ұсталғандар да бар. Артынан тіпті олардың таратылғаны хабарланды.Бұған осыдан бірнеше күн бұрын шетелдіктердің қатысуымен болған төбелес себеп еді. Әлеуметтік желіде бұл оқиғаның бейнежазбасы тарады. Онда адамдардың хостел ауласында төбелесіп жатқаны байқалады. Бұл кезде жергілікті жігіттер аз болып, олар шетелдіктерден әзер құтылады. Сонда да қатты таяқ жеп жүре алмай қалған біреуі хостел ауласында қалып қояды.Ал кеше жүздеген жігіт сол үшін есеп айырысуға келген.Бұл кезде кешірім сұрап тұрған үш шетелдіктің видеосы да тарап үлгерді. Қырғыздар осыдан кейін…

0
0
461

Біз орыс тілін білсек, олар да өзбек тілін білуі керек – Алишер Қодиров

Жақында Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин Ресейге жұмыс істеуге келетіндер орыс тілін білуі керек деп мәлімдеген еді.Вячеслав Володин мен Алишер Қодиров Енді Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының вице-спикері Алишер Қодиров Володинге жауап ретінде өз ұсынысын жеткізді. Ол өзбек тілін білмейтін адамды мемлекеттік қызметке жолатпау былай тұрсын, мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмайтындай қылу қажеттігін айтты.«Әрине, Ресейге жұмысқа баратындар орыс тілін білуі керек. Бірақ бұл Өзбекстанда тұратын орыстар өзбек тілін білмеуі керек деген сөз емес!Өзбекстанда тұратын барлық ұлттың азаматтары өзбек тілін білуі қажет.Өзге ұлт өкілдерінің балабақша мен орта білім беруде ана тіліміз бен құндылықтарымызды меңгеруіне жағдай жасаумен қатар, заңымызда өзбек тілі міндетті түрде оқыт…

0
0
273

Словакия премьерінің қастандықтан кейінгі жағдайы туралы ақпарат екіұшты болып тұр

Кеше қастандыққа ұшыраған Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға ота жасалды. Бірақ оның жағдайына қатысты ақпарат екіұшты айтылуда.Фото: AP / Словакия премьер-министрі Роберт ФицоАлдында 59 жастағы Фицоға үш сағат бойы операция жасалғаны, оның ішке қан кетуін тоқтата алмай, жасанды комаға түсірілгені хабарланған еді. «Премьер-министр ауыр халде жатыр. Өміріне қауіп төніп тұр. Әлі ота бөлмесінде жатыр», – деген еді ішкі істер министрі Матус Сутай Эсток ауруханада.Алайда вице-премьер Томаш Тараба BBC эфирі арқылы дәрігерлердің ем-дом шараларын жақсы жасағанын, Фицоның өміріне еш қауіп жоқ екенін мәлімдеді.«Менің білуімше, ота сәтті жасалды. Ол жазылып кетеді деп ойлаймын», – деді Тараба.Роберт Фицоға сәрсенбі күні Гандлова қаласында үкіметтің көшпелі отырысынан кейін қастандық жасалған ед…

0
0
338

АҚШ Ресей уранының импортына тыйым салып жатыр

АҚШ Президенті Джо Байден Ресей уранының импортына тыйым салатын заңға қол қойды. Заңды конгресс екі апта бұрын қабылдаған болатын.Фото: theins.ruБұл құжат қол қойылғаннан кейінгі 90 күннен соң күшіне енеді.Содан бастап АҚШ Энергетика министрлігі 2028 жылға дейін сәулеленбеген төмен байытылған ресейлік уранның импортына оның басқа тасымалдау көздері болмаған жағдайда рұқсат беріп отырады. Жалпы шектеу 2040 жылға дейін қолданылмақ.Елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан: «Бұл – АҚШ-тың энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін нығайтып, азаматтық атом энергетикасы саласын Ресейге тәуелділіктен арылтатын тарихи заң» деді.      Америкалық компаниялар коммерциялық атом реакторына арналған негізгі отын – байытылған уранды Ресейден шашамен 1 млрд…

0
0
295

Ауғанстанда топан су басу салдарынан 300-ден аса адам қаза тапты

Ауғанстанда су тасқынынан 315 адам қаза тапты.
undefined
Фото: 112.ua

1600-ден аса адам жараланған. Бұл туралы Бағлан провинциясының әкімшілігі хабарлады.
Мыңдаған үй қирап, мыңдаған малды су алып кеткен. Жергілікті тұрғындар азық-түліксіз, баспанасыз қалғандарына айтып, шағымданып жатыр.
ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, қаза тапқандардың 51-і - балалар.

0
0
352

Белгородта снаряд тиіп, опырылып түскен подъезд үйіндісінің астынан 13 адамның денесі шығарылды

Белгородта үйінді астында қалып қаза тапқан адамдардың саны 13-ке жетті.

undefined

Фото: © РИА Новости

Бұрынырақ облыс губернаторы Вячеслав Гладков көпқабатты үйдің қираған подъезіндегі құтқару ісі түнімен жүргізілетінін айтқан еді.

«Қаза тапқандардың тізімі құтқару жұмыстары біткеннен кейін ғана жарияланады. Ал жұмыс толық атқарылып болғанша жүргізіле береді», –  деді ол.

Белгород кеше жаппай атқыланған еді. Бұл шабуыл Украина тарапынан болды делініп жатыр.

Сол кездегі санрядтардың бірі көпқабатты тұрғын үйдің ортасына келіп тиген.

0
0
264

Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларының Алматыдағы келіссөзі аяқталды

Бүгін Алматыда Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян арасындағы келіссөз аяқталды.Дипломаттардың айтуынша, Алматы Достық үйінде өткен келіссөз екі мемлекет арасында бейбітшілік орнату туралы екіжақты келісім жобасын талқылауға көмектесті."Министрлер делимитация бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады", - делінген ресми хабарламада.Тараптар әлі де келісілмеген мәселелер бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті."Сапар барысында министрлер Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жеке және екіжақты форматта кездесті", - делінген хабарламада.Екі мемлекеттің сыртқы істер ведомстволарының басшылары қазақстандық әріптесіне республика ұсынған келіссөз алаңы үшін алғысын біл…

0
0
442

Тәжікстанды сел мен топырақ көшкіні басты

Тәжікстан халқы да табиғат апатынан зардап шегіп жатыр.

undefined

"Бүкіл елде нөсер жауын салдарынан сел мен көшкін жүріп, өзендердегі су деңгейі көтерілуде. Құтқарушылар Кафирниган өзені тасыған кезде оның ортасында қалып қойған 4 адамды алып шыққан", - деп жазады @SputnikTj.

undefined

0
0
400

Ресейде өзенге құлаған автобустағы адамдарды құтқаруға Қазақстан тумасы қатысқан (видео)

Санкт-Петербургте ішінде 20 адамы бар автобус көпірден құлап, суға батты.Ресей басылымдары сол автобустағы адамдарды құтқаруға алғаш болып ұмтылған азаматтарды атады. Олар – дағыстандықтар Идрис Гаджиев, Шахбан Жабраилов, Мухаммад Гасанов, қырғызстандық өзбек Илхом Эргашев, қазақ Ерхан Аханов (төмендегі фотода) және Владимир есімді бозбала. Ерхан өз автокөлігінің тросын арқан ретінде қолданыпты. Суда қалқып тұрған автобусқа сол арқанмен дағыстандықтардың бірі түскен.Ерхан Аханов «Ойым тек адамдарды құтқару болды. Онда біреудің әкесі не шешесі, біреудің баласы бар ғой. Қолдан келгенше жәрдем бердік. Менің ойымша, бұл жерде өзін еркек немесе адам санайтын кез келген азамат тоқтап, көмектесер еді», – дейді Ерхан.  Айта кетейік, кеше Санкт-Петербургте автобус Мойка өзеніне құлап, со…

0
0
470