Мазмұнға өту
Дөңгеленген дүние
57 жазбалар3 тіркелуші

Астанада ШЫҰ Энергетика министрлерінің саммиті өтіп жатыр

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері Энергетика министрлерінің саммиті өткен айда тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрагим Раисиді үнсіздікпен еске алудан басталды.

Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ирандық әріптесі Мехрабиан Әли Әкбарды аталған елдің ШЫҰ-ға толыққанды мүше болуымен құттықтады.

Қазақстан келесі айда ШЫҰ-дағы төрағалығын аяқтап, оны Қытайға тапсырады.

Астана Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің 2030 жылға дейінгі Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясының жобасын келістірді.

0
0
558

Түркиялық футболшы Арда Гулердің сөз байласқан қызы қазақ екен

undefined

"Арда Гүлердің сөз байласқан аруы Дуру Найман этникалық қазақ қызы болып шықты. Дуру Найманды желі қолданушылары өткен ғасырдың орта шенінде Түркияға қоныс аударған қазақтардың ұрпағы деп жарыса жазуда. Қарындасымыз да спорттан алшақ емес. Баскетболмен айналысады екен", - деп жазады DOP OINAFAN HAZARD.

0
0
555

Қырғызстанда қазақстандық олигархқа қатысты қылмыстық іс қалай жүргізіліп жатыр?

Kazakhmys Holding-тің топ-менеджері Владимир Жұманбаев осы айдың басында Қырғызстан құқық қорғау органдарының назарына іліккен еді. Ол қылмыс әлемінің серкесі Асанбектің (Қамшы Көлбаевтың) ҰҚТ-ын қаржыландырды делінді.Кейін Kazakhmys Holding өкілдері Жұманбаевтың қылмыстық құрылымдармен байланысы жоқ екенін мәлімдеді. Олар басшысының еңбек демалысына кеткенін айтты.Енді Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) баспасөз қызметі қазақстандық кәсіпкердің аталмыш ұйымдасқан қылмыстық топты (ҰҚТ) қаржыландыру дерегі бойынша қозғалған істің тоқтатылғанын хабарлап отыр.    «ҰҚМК Владимир Жұманбаевтың кеше Қырғызстанға келгенін растайды. Ол жедел тергеу шараларына қатысты. Соның нәтижесінде олигархтың Көлбаев ҰҚТ-на қатысы жоқ екенін анықталды», – делінген ресми…

0
0
381

Үндістанда жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соғысып, 15 адам қаза тапты

Көз жұмғандар саны әлі өсуі мүмкін. Әзірге 60 адамның жараланғаны белгілі.

undefined

Қайғылы оқиға Батыс Бенгалия штатындағы Рангапани станциясында болған. Тауар тиелген пойыздың соққысынан Kanchanjunga Express пойызының артқы вагондары рельстен шығып кетіпті.

0
0
339

Байден мен Зеленский Украинаны қорғауды көздейтін келісімге қол қойды

АҚШ және Украина президенттері Джо Байден мен Владимир Зеленский қауіпсіздік туралы екіжақты он жылдық келісімге қол қойды.

undefined

Фото: president.gov.ua

Келісім Украинаны қорғауды күшейтуге бағытталған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл құжат Киевтің НАТО-ға мүше болу мүмкіндігіне салынған көпір болмақ.

Бұрынырақ Польша президенті Анджей Дуда Украинаны НАТО-ға қабылдаудың ресми рәсімін мүмкіндігінше тезірек бастау керектігін мәлімдеген еді. Оның ойынша, Киевті әскери блокқа ресми түрде шақыратын уақыт келді.       

0
0
554

АҚШ-та жүздеген адам Ақ үйді «қызыл сызықпен» қоршап алды

Олар Газадағы соғысты тоқтатуды талап етуде.

Палестинаны жақтайтын жүздеген наразы адам Ақ үй мен оған жапсарлас орналасқан қаржы министрлігінің ғимаратын «қызыл сызықпен» қоршап тұрды. Осы арқылы олар Израильдің Газа секторындағы әскери операциясын тоқтатуын талап етті.

Тағы бірнеше мың адам АҚШ президентінің ресми резиденциясына қарама-қарсы орналасқан Лафайет гүлзарындағы митингке қатысты. Ал бұл кезде Джо Байден Францияда ресми сапармен жүр.

Наразы халық Израиль Газа секторындағы Рафах қаласына басып кіру арқылы қызыл сызықтан аттап өтті деп есептейді.

0
0
1113

Чехияда екі пойыз бетпе-бет соғысты. Қаза тапқандар бар (видео)

Чехияда жолаушылар пойызы мен жүк пойызы бетпе-бет соғысты. Біріншісінде 300 жолаушы болған.  

undefined

Қайғылы оқиға ел астанасы – Прагадан 100 шақырымдай жердегі Пардубице қаласынада болды. Оның салдарынан 4 адам қаза тапқаны айтылуда. 20-дан астам адам жарақат алған.

Жүк пойызында кальций карбиді болыпты. Бірақ ол төгілмеген.  

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

0
0
283

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғыз шешімі Палестина мемлекетін құру деп мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді.Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Президент басқа елдердің делегацияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті."Бүгінгі кездесу халықаралық ахуал тым шиеленіскен жағдайда өтіп отыр. Геосаяси текетірес өршіген кезде өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің ауқымы да айтарлықтай өзгерді. Әлемдегі қақтығыс қауіпті деңгейге жетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал қатты алаңдатады. Газа сектор…

0
0
351

Ресейде Қазақстан тумасы қызды ұрлап, қатігездікпен өлтірді деп айыпталып отыр

Айыпталған Айдын Жұмаділов Ресей Әуе-десант әскерінің взвод командирі әрі ақын екен.

undefined

28 жастағы Айдын – 23 жастағы қызды ұрлап әкетіп, қорлық жасап, қатігездікпен өлтірді делінген үш әскеридің бірі.

Оларға қатысты сот Дондағы Ростовта жақын күндері басталады. Әлеуметтік желі қолданушылары оның біздің Бишімбаевтікі сияқты ашық өтуін талап етуде.

Марқұм Валентина Давронованың Луганскіден келген анасының айтуынша, бұл іс бойынша Ресейдің төрт әскери қызметкері ұсталған. Бірақ олардың біреуі 2023 жылы жұмбақ жағдайда қаза тауыпты.

t.me/CentralMediaNews

0
0
394

Түркияда көпқабатты ғимарат құлап, астында адамдар қалып қойды (видео)

Бүгін Стамбұлда төрт қабатты ғимарат опырылып құлады. Бір адамның қаза тапқаны туралы айтылуда.

undefined

Кючюкчекмедже ауданында орналасқан бұл ғимараттың бірінші қабатында дүкен болған. Ал үстіңгі қабаттары тұрғын пәтерлер еді.

Үйінділердің астынан құтқарылған Қорқыт Йылмаздың айтуынша, онымен бірге 7-8 адам болыпты.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

0
0
362