Перейти к содержимому
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 постов50 подписчиков

Әр қазағым — жалғызым!

...

...Апырай, мынау келген қыс емес пе, Қыс деген де Құдайдың ісі емес пе. Алматыға қылаулап ақ қар жауса, Ауылдағы ақ бала түседі еске...Түседі еске ақ бала ауылдағы, Сол еді ғой адамның бауырмалы. Шешесінен жасырып мұз жалап жеп, Ертесінде ысынып ауырғаны...Ауырғаны жәй ғана еркелігі, Өйткені бұл кенже ұл, тентек іні. Әне тағы жәйімен батып барад, Әппақ қыстың бозарып келте күні.Енді қанша уақыт бар таң атқанша. - Мама, мама. - Ау жаным. - Сағат қанша? Осындайда Алласы ұйықтатса ғой, Әр минутын сағаттың санатқанша.Әрдеңені армандап етеді үміт, Қияли боп кетіп ед жеке жүріп. Ойнағысы келеді шанаменен, Жатса дағы ыстығы көтеріліп....Қайран бала, сол бала пәк еді ғой, Арманы да, жаны да ақ еді ғой. Ал бүгінде бүрісіп жатады ылғи, Бір ойдан соң мазалап және бір ой...Мынау батқан келтелеу қыс к…

0
0
191

Арман, арман, арман, арман, арман, арман, арман-ай

- Папа, менің сыныбымда біздің туысқанымыз оқиды екен,-деген. - Ол қандай туысқан екен?- дегенімде; -Бәйсейіт екен, Арман Сқабылұлы деген кісінің немересі,-деп еді. Содан қайтып қаузамаған екенмін. Бүгін мектепке бара қалғам. Сырттарынан байқадым, екеуі бірге ойнап жүр. Мені көріп екеуі де жүгіріп келді. Қуаласпақ ойнаса керек, екеуі де ентігіп тұр. Екі беттері алмадай. Бір кезде кішкентай туысқаным: - Аға, сіз Арман Сқабылұлын танисыз ба?-деді. - Танымағанда, туысқан ағам ғой,-дедім. - Мен сол кісінің немересімін,-деді. - Білемін,-дедім. Сөйттік те үшеуміз тұра қалып суретке түстік. Содан мен мектепке кіріп кеттім. Ол екеуі сыртта қалған. Мен жұмысқа қайта баратын болғандықтан, Айбаршын үйге өзі қайтуы керек тұғын. Ойымда ештеңе жоқ, мектептегі шаруаларды бітіріп сыртқа шықсам, көлігімні…

0
0
630

Өй де

иә болмаса қаланың қақ ортасына Қыз Жібек пен Төлегенге арнап ескеткіш орнатар ем. Немесе "Маxаббатсыз дүние дос..." тақырыбында мүшәйра өткізіп, Дәуренге бас жүлде, Айнұрға бірінші орын, Толқынға екінші орын беріп, қалған орындарды жюрилердің ұйғарымымен шешәп, әрқайыссына 10 мың доллардан таратып, 17 адамға бөліп, қалған тоғыз мың долларды тоғыз жюриге мың доллардан берер ем. Торт это без пити боқ... "Адам бір боқ көтерген боқтың қабы"-дегенді айтқан Абай атаң тірі болып, мына сорақылықты көрсе; не жүректен кетер еді, не 46-қара сөзін жазар еді. Біз ғой Өміржан не дер екен деп отыра береміз...

Ақпарат көзі

0
0
309

Алтын – айдар

Олар бала таппапты. Сол уақытта бұл бай сапарға шығуға ойланып, қатындарына айтыпты:— Мен келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар? – депті.Сонда үлкен қатыны айтыпты:— Мен сен келгенше алтыннан әдемілеп үй салдырамын, – депті.Кіші қатыны айтты:— Мен алтын айдарлы бір ұл, бір қыз табамын,– депті, – ол баланың аты Алтын Айдар болады,– депті.Сонан соң бұл хан сапар шығып кетті. Хан бір-екі-үш жыл жүріп қайтып келіпті. Сонда манағы үлкен қатыны үй салдырып қойыпты, кіші қатыны Алтын-Айдар баланы тапқан екен, бірақ оны үлкен қатыны күндеп, бір сиқыршы қатынға айтып, баласын ұрлап алып, құдыққа тастапты. Ол кіші қатынға сен күшік таптың деп, күшік беріп, бәле қылыпты. Сонда бишара тоқал жылапты да, шарасыз көніпті. Манағы хан келіп, күшікті көріп, тоқал қатынды қуып жіберіпті. Енді баланы әлгі ке…

0
0
602

Әйелдер

Не толқытса, соның мұңын тартасың… Аурухана ауласында сытырлатып картасын, Жанарында әзіл ойнап жарасты, Маған бір қыз бал ашты: – Науқастан ба – ерініңіз кезерген, Жазыласыз, Налымаңыз бекер сіз. Әйтсе де, әйел қауымына ежелден Немқұрайды қарамайды екенсіз… Сүюді Сіз ерлік деп те айтасыз, Онсыз ақын боларсыз ба ой өрген. Дегенмен сіз абайлаңыз, байқаңыз, Бағыңыз да, сорыңыз да әйелден. – Бәрекелде, Өркен жайсын талабың, Сәуегейі сен боп жүрме қаланың. Бұл бетіңмен цығандарды жұмыссыз Қалдырарсың, қарағым! – Дедім күліп. Бірақ қыздың байсалды Әзіл сөзі маған біраз ой салды. Дүниеге қан тамырдай тарайтын Жер бетінде әйел жайлы ертек көп. Әйелдерге немқұрайды қарайтын Еркекті мен санамаймын еркек деп. Қай кезде де сұлулықтың жолы – мұз. Әйел – біздің әзиз байлық қорымыз, Әйел – біздің тағды…

0
0
867

Қайтар жолда

Түнде түсімде тағы да дәу атамды көрдім. Сәні мен салтанаты жарасып батыстағы жәрменкеден қайтып келе жатқан беті екен. Жанында бір топ нөкері бар. Арасында қамқа тон кигендері де, ішік тон кигендері де жүр. Атамыз әлемге сөзін жүргізіп отырған тұстасымен үзеңгі жолдас болып, терезесі тең, керегесі кең отырып, еркін сөйлесіп, сөз жарыстырып, ой өрбітіп қайтқан екен. Келелі кеңес үстінде көптеген келісімдер жасаған көрінеді. Жүзінен жеңіске жеткен адамның қуанышын байқауға болады. Ақ ордасын тіккен Сары арқасына жүріп бара жатып, жолай, өзінің туып-өскен өлкесі Жетісуға ат шалдырайын деп шешкен екен. Алты қанат ақ орданың төріне жайғасты. Жайғасқан бетте бір жас жігіт құмған мен легенін ала жүгірді. Бекбай шалдың бауырмал баласы екен. Атасының қолына су құйды. Атасы қолын шайып болып, «көп…

0
0
431

9 мамыр

Бір шындық бар,ол да жыл сайын ардагерлеріміздің саны азайған сайын бұл күннің де маңыздылығы мен қажеттілігі азайып келеді. Соңғы кездерде қоғамда,осы 9 мамыр ұлтымыз үшін қандай мағына және өнеге береді деген сұрақтар көбейіп жатыр. Менің екі атамда осы соғысқа қатысып жараланып келді. Туған атам Украина майданында шайқасты, соғыс біткесін елге аман оралды. Атамның туған інісі сол соғыстан оралған жоқ, қайтыс болды. Нағашы атам Белорусь майданында шайқасып,басынан жарақат алсада, соғыс біткенге дейін майданда жүрді.Қаншама қазақ осы соғыста мерт болды,мүгедек болды,жоқ болып кетті. Қазақстан халқының сол соғыс қажеттеріне жұмылдырылуы (мобилизация) 24% жеткен. Ал екі майданда бірдей соғысқан Германия халқының соғысқа жұмылдырылуы 12 % болған. Осыдан-ақ Қазақ Елінің Екінші Дүниежүзілік с…

0
0
343

Мевлана Джалаладдин Руми (1207-1273)

Әйелі күйеуін қызғанғандығынан күйеуі мен күңді бірге қалдырғысы келмейді. Бір күні бұл әйел күңімен бірге моншаға барады. Әйел моншаға түсу үшін қажетті бір затты үйінде ұмытып кеткені үшін күңді үйіне жібереді. Әйелдің ерімен жалғыз қалуды аңсап жүрген күң үйге тез жүгіріп жетеді де еркекпен бірге аңсағандарына жетеді. Әйел болса күңін үйіне жібергені үшін қатты қапа болып, сезіктенеді де тез арада үйіне келеді. Күйеуі мен күңі екеуінің қылмысы үстінде ұстайды”.

Мевлана, бұл баяндауымен адамның ішінде жамандық жасауға құмарлық бар болса, ішіндегі гаухары бұзылған болса, онда ол қанша кедергі болса да, соңынан қалауына жететіндігін айтқысы келеді

Ақпарат көзі

0
0
291

-5000

Тамаша алады. Құны 10 мың. Басыңа қандай шаш жарасатынын өте жақсы біледі. Әккі маман. 2-3 күннен бері сәті түспей, ол босаса мен босамай, мен босасам ол босамай жүрді. Ақыры күте алмай қызметі 5000 мыңға арзан шаштаразға бардым. 5 мыңдық шаштараз да жаман емес шығар деп отыра қалып едім, шашым осындай болып қалды. Е ары емес, е бері емес. Қысқартып беріңіз деген сөз қысқа қылу деген сөз екенін кеше түсіндім 📷🤔 Өмірден көп нәрсе күтіп жүрміз ғой. Менің күтіп жүргендерімнің қатарына шашымның тез өсуі қосылды 📷😊 Ауылда шаш алудан һас шебер ағалар басыңды қайшыбас қылғанда "Бас аман болса, шаш өседі" деуші еді. Сол бас аман болсын енді 📷😎 P.S. Тайсонның шашы неге қысқа екенін түсіндім. Шашың қысқа болса жаттығуды күшті жасайды екенсің 📷

Ақпарат көзі

0
0
347

Мен – Ұятмен

Істегені ұят шығар, қарсы шыққандар жөн шығар деп үн қосайын десем, ауызыма аяқтарын тосып тұрғандай мына ағайын. Былай ғой, Байзақова жайлы білерім – қазір бетімен кеткенмен, басында ұяты түгел, әжептеуір ибалы қыз еді дейді. Анасы намаз оқиды, өзі де намаз оқыған екен, бірақ тұрмыста бір ауыр соққы алып, беті ары ауып кеткен дегенді де естідім. Жын иектеген дейді, анасымен қатты ұрысып, осы жүрісін қасақана істейді дейді, кім білсін. Қоғамға қарсылығы да шығар, бәлкім.. *** Байзақоваға батырып ештеңе дей алмайтыным, өзіміздің Маржан Сұлтанбай есіме түседі осындайда. Ол да шашын тақырлап алып, ашық-шашық киімге әуестеніп, «әй, осы түзелмейді-ау» деп қол сілтегенде, күрт өзгерген бір күні. Орамал тақты. Тұрмысқа шықты. Баланы да, бақытын да тапты. Сондықтан, Байзақова бір күні бұлт етіп қ…

0
0
513