Перейти к содержимому
ybyrai_altynsarin

Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы

@ybyrai_altynsarin

На сайте с 22 января 2018 г.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

рейтинг

100

постов

11

комменты

0

подписчика

4

подписок

0

Атымтай Жомарт

Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:– Жомарт, құдай берген дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.Жомарт айтты дейдi:– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады ек…

0
0
816

Алтын – айдар

Олар бала таппапты. Сол уақытта бұл бай сапарға шығуға ойланып, қатындарына айтыпты:— Мен келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар? – депті.Сонда үлкен қатыны айтыпты:— Мен сен келгенше алтыннан әдемілеп үй салдырамын, – депті.Кіші қатыны айтты:— Мен алтын айдарлы бір ұл, бір қыз табамын,– депті, – ол баланың аты Алтын Айдар болады,– депті.Сонан соң бұл хан сапар шығып кетті. Хан бір-екі-үш жыл жүріп қайтып келіпті. Сонда манағы үлкен қатыны үй салдырып қойыпты, кіші қатыны Алтын-Айдар баланы тапқан екен, бірақ оны үлкен қатыны күндеп, бір сиқыршы қатынға айтып, баласын ұрлап алып, құдыққа тастапты. Ол кіші қатынға сен күшік таптың деп, күшік беріп, бәле қылыпты. Сонда бишара тоқал жылапты да, шарасыз көніпті. Манағы хан келіп, күшікті көріп, тоқал қатынды қуып жіберіпті. Енді баланы әлгі ке…

0
0
598

Әдеп

Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем салды. Қасындағы бай:

– Тақсыр, осынша жұрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi.

Сонда әкiм:

– Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қалайын ба? – дедi дейдi.

0
0
817

Жаман жолдас

Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты:

– Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi:

– Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi.

0
0
3159