Перейти к содержимому
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 постов50 подписчиков

Әр қазағым — жалғызым!

Әдеп

Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем салды. Қасындағы бай:

– Тақсыр, осынша жұрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi.

Сонда әкiм:

– Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қалайын ба? – дедi дейдi.

0
0
823

Жаман жолдас

Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты:

– Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi:

– Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi.

0
0
3169

Ұялмайсыз ба? - 2

Сол сөзді сөз деп аузына ілгендерді ұлттың қаймағы деп айтатын болдық, ол дым да қаймақ емес, ішсең ішіңді өткізетін іріген сүт еді. *** Қайынатасының атын атау я қайнысының атын атау келінге ұят, білесіздер. Неге десең, ұят дейді. Себебін қарасаң, сол атты атамаудың өзі қайныатасымен арасын әдеп пен ибаға бөлеп тұратын, бөліп тұратын. Атын атамай тұрған ибалық болғанда, қайдағы бет жыртысу, жаға жұлысу? **** Шындап келгенде, біздікі қыртым рушылдық. Егер шынымен рушыл болсақ, арамызда ешқандай қайыршы шықпас еді. Бұрын әр ру өзінің жоқ-жітігін шетке жібермей, алдына малын салып, бір жалшының я малшының қызын алып беріп, қатардан шығармайтын. Себебі, ол қайыршы сыртқа шықса, рудың атына сөз келетін. Ұят болатын. Бұрын кенже баланың міндеті қарашаңырақта қалып, әке-шешесін бағу болатын. Он…

0
0
216

Ұялмайсыз ба?

Ненің ұят, ненің ұят емес екенін айту үшін танымал журналист Дана Нуржигитова (Dana Nurzhigitova) әпкеммен ой жарыстырған едім. Қазір ұят тақырыбы қайта актуал боп жатқан соң, ойларымды қайта салғанды жөн көрдім. *** ҰЯТ. Түбірін тексерсең, хая деген сөзге тіреледі. Хая дегенің өмір. Ең болмаса, Нэнси Ажрамның өлеңдерінен әйтеуір бір рет тыңдағаныңыз анық. Өзбектер бізге қарағанда осы сөздің мағынасын сақтап қалған. Оларда «Хая – иманнан» деген мәтел бар. Ұят - иманнан. Сонда қарасақ, өмір мен ұят түбірлес, мәндес. Өмір деген ұғымға ұят деген сөзді баланс, синоним қылды. Басқа сөз емес. Яғни, ұятың болмаса, бұл өмірде жүрген-тұрғаныңнан бес тиын пайда жоқ. Қазақтың "Өлімнен ұят күшті" дегені де содан болса керек…*** ҰЯТтың дәстүрге не қатысы бар? Ұят болады. Обал болады. Жаман болады. Осы…

0
0
1115

ӘЙЕЛДІ ҰРУ ТУРАЛЫ

"Жұманың алдында жының бір шығарып алайын" дейтін көрінеді жарықтық. Ол ол ма, көршінің бірі әйелін сабап жатса, ішіп жатқан асын тастап, көмекке ұмтылады екен-мыс. Көмек дегенде, сабап жатқан еркекке ғой.. Сондағысы "ол қатынның бір кінәсі бар шығар" дейтін көрінеді.Менің ғана емес, барлығыңның аталарың осындай адуын болған шығар. Қазір ғой, осындай аталарымыздың біздің атамыз екеніне бетті басып, өтірік ұяламыз. Өз басым әйелді бас салып ұруға қарсымын. Алып қашуға тіптен.. Алғаш рет және соңғы рет Арман Аубакир (Arman Aubakir) досымның әйелін алып қашқанбыз) Таблиғтар секілді әйел-баласына азық бермей, ақша қалдырмай, айлап Үндістанға кетуге де, бақабиттер секілді Сирияға әйел-баласын алдырып, өзі басына оқ іліп, ақыр соңында әйелін басқа дөкей зорлап, баласын басқа біреу қорлағанға да…

0
0
1003

ОЛАР ҰЯЛҒАННАН ӨЛІП ЖАТЫР...

Кімнің қиялына не келді – сол: біреуі баспен асфальтқа қадалады, біреуі білеу тамырын кеседі. Сонда бұл өмірден баз кешуіне не себеп десең, «өзі қалаған (ата-анасы қалаған) ұпайына 5-10 балл жетпей қалыпты» боп жатады көбіне. Бұл қалай дейсіз ғой баста бір жарым келі ми кілкілдеп тұрған соң.. Ол үшін мына жағдайды елестетіп көріңіз. Пышақты қайрай берсеңіз, не болады? Өткірленеді. Бірақ, қайрауын асырып жіберсеңіз, жүзі қайырылып қалады да дымға аспайды. Мектеп жасындағы бала-шағаны да осылай асыра қайраудан аулақ болу керек-ау. «Осыдан грантқа түспей көрші... Осыдан бізге масыл болмай, өз бетіңмен түсіп кетші оқуға... Сені асыраймыз деп мамаң екеуміз ақ тер-көк тер боп жүрміз. Осыны түсінесің бе өзі, милау?...». Шамамен, он жыл бойы осындай сөздермен баламызды қайраймыз-ай келіп. Содан т…

1
0
249

Егер де айта алмасам айтарымды

Алжыдым,ақылымды сайтан ұрды.

Қынына қылышымды салам онда,

Ақ жүзі алмасымның қайтарылды.

Егер де айтып кетсем айтарымды,

Ақылым арнасына қайта кірді.

Қынынан қылышымды алам онда

Қағамын албастымды, сайтаныңды!

Бітті серт, кегім менің қайтарылды!

...Ырқыңа сенің деген көнігі келдім,

Енді сен ерік бергін, ерік бергін!

Сөзден өлген атамды тірілтпесем,

Қос мені қатарына өліктердің.

Бәріміздің бабамыз сөзден өлген,

Өнердің кереметін сөзбен өрген.

Мен тынбаймын солардың кегін алмай,

Сен мені салыстырма өзгелермен!

Қалай да айтарымды айтып өлем,

Айта алмасам, жасайды қайтіп өлең?

Тәңірім мені қоңсы қондырмағай,

Тіл білмес дуанамен. шайлыменен.

0
0
384
Вы дошли до конца ленты сообщества