Бір шындық бар,ол да жыл сайын ардагерлеріміздің саны азайған сайын бұл күннің де маңыздылығы мен қажеттілігі азайып келеді. Соңғы кездерде қоғамда,осы 9 мамыр ұлтымыз үшін қандай мағына және өнеге береді деген сұрақтар көбейіп жатыр. Менің екі атамда осы соғысқа қатысып жараланып келді. Туған атам Украина майданында шайқасты, соғыс біткесін елге аман оралды. Атамның туған інісі сол соғыстан оралған жоқ, қайтыс болды. Нағашы атам Белорусь майданында шайқасып,басынан жарақат алсада, соғыс біткенге дейін майданда жүрді.Қаншама қазақ осы соғыста мерт болды,мүгедек болды,жоқ болып кетті. Қазақстан халқының сол соғыс қажеттеріне жұмылдырылуы (мобилизация) 24% жеткен. Ал екі майданда бірдей соғысқан Германия халқының соғысқа жұмылдырылуы 12 % болған. Осыдан-ақ Қазақ Елінің Екінші Дүниежүзілік соғыстағы үлесін біле беруге болады.Жүз мыңдаған адам қайтыс болды, миллиондаған адам жарақат алды,қайғыға дұшар болды. Ең бастысы қазақтың демографиясына кесір әсерін тигізіп кетті. Оның алдында ғана қолдан жасалған ашаршылықтан, колективизация мен репрессиялардың кесірінен тарыдай шашылып қалған қазақ ұлтына оңай түскен жоқ бұл қырғи қабақ соғыс. Қаншама жас ер адамдар осы дүниеде ұрпақ қалдыра алмай кетті. Ата-бабаларымыздың арауағын сыйлайтын болсақ,ешқандай тойлау мен 100 граммды сілтейтін күні емес бұл күн. 9 мамыр күні, сол соғыстың кесірінен өлген миллиондаған әруақтарды еске алатын күн! Ендігі тілек, Қазақ елін және ұлтын осындай айдаһар сияқты түбімен жалмап кететін бәлелерден сақтасын! Тәуелсіз Қазақ Елі,ұлты енді ешқашан басқа елдердің мүдделері үшін соғыспасын деп тілейік ағайын.