Перейти к содержимому
Askar01

Мұхтар Шаханов шығармашылығы

@Askar01

На сайте с 24 января 2018 г.

Қазақ ақыны, драматургі, тіл жанашыры

рейтинг

100

постов

23

комменты

0

подписчиков

5

подписок

0

Жалын

Өтудесің, өтесің замандарым, Құпиям көп ұқпаған, түсінбеген. Әкем менің жек көрген адамдарын "Жалыны жоқ сорлы" деп мүсіркеген. Алдан іңкәр үміттің жолын көрем, Жолын көрем, Жанымнан жалын көрем. Мүсіркетпе тағдырым мені ешкімге, Мүсіркеген адамның қолында өлем. Ғасырына он берген, Ерлер аз бап шапағатын ел көрген, Жас шағында-ақ заманының заңғар ойын меңгерген. Керісінше, сақал-шашын күнге ағартқан қарттар бар, Жасы жүзге келгенмен. Даңқы шырқау ел рухын айқындайтын деңгейдің, Жас кезінде жалыны жоқ жігіттің, Жас кезінде дарыны жоқ жігіттің Ертең ерлік жасарына сенбеймін. Иә, жастық тақ бола алмайды ешқашанда жарлы ұғым, Аяу керек Жастық отын ерте өшіріп алғандардың барлығын!

0
0
443

Әйелдер

Не толқытса, соның мұңын тартасың… Аурухана ауласында сытырлатып картасын, Жанарында әзіл ойнап жарасты, Маған бір қыз бал ашты: – Науқастан ба – ерініңіз кезерген, Жазыласыз, Налымаңыз бекер сіз. Әйтсе де, әйел қауымына ежелден Немқұрайды қарамайды екенсіз… Сүюді Сіз ерлік деп те айтасыз, Онсыз ақын боларсыз ба ой өрген. Дегенмен сіз абайлаңыз, байқаңыз, Бағыңыз да, сорыңыз да әйелден. – Бәрекелде, Өркен жайсын талабың, Сәуегейі сен боп жүрме қаланың. Бұл бетіңмен цығандарды жұмыссыз Қалдырарсың, қарағым! – Дедім күліп. Бірақ қыздың байсалды Әзіл сөзі маған біраз ой салды. Дүниеге қан тамырдай тарайтын Жер бетінде әйел жайлы ертек көп. Әйелдерге немқұрайды қарайтын Еркекті мен санамаймын еркек деп. Қай кезде де сұлулықтың жолы – мұз. Әйел – біздің әзиз байлық қорымыз, Әйел – біздің тағды…

0
0
850