Осындай жастар барда ...
Өзімізше ақша үнемдеп жүрміз. Олар өздерінше қонақ күтіп жүр. Жалдамалы пәтер. Қазақстанның төрт тарапынан келген 5 жігіт. Шайға отырдық. Алдымен жастарын сұрап алдық - уылжып тұр. Ағалығымызға басып, құлақтарын бұрап қойып, әңгіме айтқымыз келіп тұр ғой әлгі жерде. Типа "Аталарымыз біздің ше, шалбар ойлап шығарған" дегендей) Енді әңгімеге кіріскелі жатқанда, арасындағы бір жігіт былай деп қалды: "Қызық болсын деп айтайын. Осы кездейсоқ отырған бесеуіміз де кемі алты тіл біледі екенбіз. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын, қытай - само с собой, одан бөлек біреуімізде араб, біреуімізде испан дегендей". Сөйтті деп шайын ұрттап жіберді. Оллахи, әдейі айтқан жоқ. Біздің екі жарым тілді екенімізге нұқыған жоқ деймін. Түсіндік - жым болдық) Содан оларды таң атқанша сөйлетіп қойдық қой....Осындай жастар…