9 мамыр
Бір шындық бар,ол да жыл сайын ардагерлеріміздің саны азайған сайын бұл күннің де маңыздылығы мен қажеттілігі азайып келеді. Соңғы кездерде қоғамда,осы 9 мамыр ұлтымыз үшін қандай мағына және өнеге береді деген сұрақтар көбейіп жатыр. Менің екі атамда осы соғысқа қатысып жараланып келді. Туған атам Украина майданында шайқасты, соғыс біткесін елге аман оралды. Атамның туған інісі сол соғыстан оралған жоқ, қайтыс болды. Нағашы атам Белорусь майданында шайқасып,басынан жарақат алсада, соғыс біткенге дейін майданда жүрді.Қаншама қазақ осы соғыста мерт болды,мүгедек болды,жоқ болып кетті. Қазақстан халқының сол соғыс қажеттеріне жұмылдырылуы (мобилизация) 24% жеткен. Ал екі майданда бірдей соғысқан Германия халқының соғысқа жұмылдырылуы 12 % болған. Осыдан-ақ Қазақ Елінің Екінші Дүниежүзілік с…