-5000
Тамаша алады. Құны 10 мың. Басыңа қандай шаш жарасатынын өте жақсы біледі. Әккі маман. 2-3 күннен бері сәті түспей, ол босаса мен босамай, мен босасам ол босамай жүрді. Ақыры күте алмай қызметі 5000 мыңға арзан шаштаразға бардым. 5 мыңдық шаштараз да жаман емес шығар деп отыра қалып едім, шашым осындай болып қалды. Е ары емес, е бері емес. Қысқартып беріңіз деген сөз қысқа қылу деген сөз екенін кеше түсіндім 📷🤔 Өмірден көп нәрсе күтіп жүрміз ғой. Менің күтіп жүргендерімнің қатарына шашымның тез өсуі қосылды 📷😊 Ауылда шаш алудан һас шебер ағалар басыңды қайшыбас қылғанда "Бас аман болса, шаш өседі" деуші еді. Сол бас аман болсын енді 📷😎 P.S. Тайсонның шашы неге қысқа екенін түсіндім. Шашың қысқа болса жаттығуды күшті жасайды екенсің 📷
Ақпарат көзі