Тікелей эфир

Алматы көшелері: Айтжан Түркебаев

Кезекті материалда 1924-1927 жылдар аралығында қаламыздың басшысы, бас идеологы, бас құрылысшысы болған Айтжан Түркебаевтің құрметіне аталған көшеге саяхаттаймыз.

Айтжан Түркебаев көшесі Алмалы және Бостандық аудандарында, Евгений Брусиловский мен Тұрғыт Озал көшелерінің аралығында орналасқан. Көше Райымбек батыр даңғылынан басталып, Жандосов көшесіне дейін созылып жатыр. Ол Артем, Дүйсенов, Төле би, Васнецов, Қарасай батыр, Құлымбетов, Шәкәрім, Есенжанов, Абай, Мыңбаев, Сәтбаев көшелерін қиып өтеді. Көше 1956 жылға дейін 1-Қызыл әскер, 1978 жылға дейін Трудовая деп аталған. Көшенің жалпы ұзындығы - 3900 метр.

Бүгінгі күні бұл көшенің бойында:

Айтжан Түркебаев 1900 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты селосында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1913-1914 жылдары Қарақол (қазіргі Пржевальск) қаласындағы орыс-қырғыз училищесiнде, 1915-1917 жылдары Қапалдағы ауылшаруашылық училищесiнде бiлiм алған.

Азамат соғысы жылдары (1918-1920) Жаркент уездiк әскери революциялық комитетiнiң төрағасы атанып, оның отряды Тасқарасу шатқалында ақ казактарды талқандайды. 1920-1922 жылдар аралығында милиция бөлімі бастығы, уездік комитеттің өкілі, Жаркент уездік комитетінің бюро мүшесі, уездік комитеттің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі және РК(б)П Алматы уездік комитетінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарады. 1922-1923 жылдары атаман Анненковтың бандысын жоюға да белсендi түрде қатысқан.

1923-1924 жылдар аралығында  БК(б)П Талдықорған уездiк комитетiнiң жауапты хатшысы болған және осы жылдары Мәскеулік уездік хатшылар курсын тәмамдаған.

1924 жылдан бастап 1927 жылға дейін Айтжан Түркебаев Алматы қалалық комитетiнiң жауапты хатшысы қызметiн атқарды. Небәрі 24 жасында қала басқарған Айтжан өзінің қызмет жылдарында Алматыға үлкен өзгерістер алып келеді. Ең басты өзгеріс - ел астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшіруге зор үлесін қосты. Қаламыздағы еңселі құрылыс нысандары да дәл осы уақытта салына бастаған. Сондай-ақ 1926 жылдың 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесi Түркiстан-Сiбiр темiржолын салу жөнiнде шешiм қабылдай салысымен Түрксібтің салынуын ертең-ақ бастап кеткен Қазақстан еді. Түркебаевтің шақыртуымен осы теміржолды салуға келген мыңдаған құрылысшылардың отбасылары Алматы қаласынан жұмыс және пана тауып, солардың арқасында қала халқының саны күрт өсе бастады. Осы жылдары қаланың бас идеологы, әрі бас құрылысшысы Абдолла Розыбакиев, Мағазы Масанчи сынды қоғам қайраткелерімен танысып, жағдайы нашар халыққа жарқын өмір сыйлау үшін күресе бастайды. Айтжан Түркебаев 1928 жылы совет-шаруашылық қызметінде, 1930 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы қызметінде болады.

1930-1933 жылдары Мәскеудегі Я.М.Свердлов атындағы коммунистік университетке түседі. Қазақтың қайсар ұлы сонау Ресейдің астанасы Мәскеуде жүріп осы қалада білім алып жатқан қазақ балаларының басын біріктіреді. Айтжан Түркебаевты мәскеуліктер 17 жасында полк басқарған Гайдар деген батырға теңеген.

1934-1936 жылдары Ақтөбе облысындағы Мұғалжар совхозының саяси бөлімінің басшысы болады. 1936 жылы Алматыға келіп, Халық Комиссариатының халық ағарту және жоғарғы мектеп бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалады. Бірақ көп ұзамай 1937 жылдың сәуір айында Жаркент қаласында қызмет бабымен жүргенде қандықол қарақшылардың қолынан қаза табады.

Бүгінгі күні Айтжан Түркебаевтың есімімен Алматы қаласындағы көше және Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты ауылында мектеп аталады.

Мәтін: Айнұр Ракишева

Фото: Айжан Кәрібаева

_________________________________________________________________________

Бұл айдарда жарияланған материалдардың толық тізімі:

Малбағар Меңдіқұлов көшесі

Ораз Жандосов көшесі

Өмірбек Жолдасбеков көшесі

Абдолла Розыбакиев көшесі

Тайыр Жароков көшесі

Жұмағали Сайын көшесі

Досмұхамедов көшесі

Нұрмақов Нығмет көшесі

Бағаутдин Шағабутдинов

Ғани Мұратбаев көшесі

Зейін Шашкин көшесі

Сырбай Мәуленов көшесі

Мағазы Масанчи көшесі

Мұқан Төлебаев көшесі

Серәлі Қожамқұлов көшесі

Үмбетбаев Әнуәрбек көшесі

Алия Arsik
23 мамыр 2013, 9:45
2214

Загрузка...

Пікірлер

Shpak
0
0
Қайдағы жоқ нәрселерді жазғанша, растығын жазбайсындар ма? Айтжан Түркебаев, - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бажасы. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты адам қылған ері. Елге сіңірген көп еңбектері жоқ.
Оған қарағанша, Виноградовтың, Фурмановтың енбектері көбрек.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Несмотря на то, что Астана столица, и один из самых красивых и современных городов Казахстана, здесь все равно есть места, за которые стыдно и даже как-то неудобно перед гостями.
Washington
12 янв. 2017 / 12:25
  • 20770
  • 26
Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Путеводитель по соревнованиям Универсиады с рекомендациями, какие соревнования Универсиады никак нельзя пропустить. До встречи на Универсиаде!
olympic
11 янв. 2017 / 10:40
  • 18853
  • 7
Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Это что, совет? Рекомендация? Или это угроза? Чего нам ждать? Чего нам бояться? Мы – законопослушные граждане Республики Казахстан, мы ЗА ужесточение законодательства в части борьбы с терроризмом, но при этом...
AliyaSadyrbaeva
10 янв. 2017 / 21:02
  • 16354
  • 32
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 13963
  • 12
«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

Казахстанцы по-прежнему с нескрываемым возмущением и сарказмом комментируют нововведения в миграционное законодательство. Проблема, как это ни парадоксально, в том, что мы, казахстанцы – народ законопослушный.
openqazaqstan
12 янв. 2017 / 10:07
  • 11168
  • 26
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 4847
  • 30
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4329
  • 4
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
вчера / 14:45
  • 4129
  • 80
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 3867
  • 44