Перейти к содержимому
kitap28

kitap28

На сайте с 3 марта 2016 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

40

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

ВАМПУЛАРМЕН ШАЙҚАС

Онкилондардың айғай-шуынан жиһангездер алақарақта шошып оянды. Абыржыған Аннуир ауызға келіп, мойнын сыртқа созды да, жайсыз хабар естіп еңіреп қоя берді. – Түнде вампулар біздің тұқымның тұрағын шауыпты. Көсем оларға қарсы жорық жариялады. – Жарайды, басқа лаж жоқ, жолдастар! Киіну керек, жорық бізсіз болмайды, – деді Горюнов киім-кешегін ұстап тұрып. – Некелесе салып, соғысқа аттанған қызық екен!.. – деп күлді Костяков. – Кигіз, Папу, сауыт пен дулығаны, әпер маған қалқан мен алмас қылыш, жас батыр майдан кіріп, салмақшы ұрыс. Әрине, осынау ексім жырдан ештеңе түсінбеген ол ұйқысын еркін аша алмай, жазмыш жарына тек жыпылықтап қарай берді. Оның күліп тұрғанын көріп, өзі күліп, орыс сөздерін бұзып былай деп сұрады: – Огне жигать, кушай варить? – Дұп-дұрыс айтасың! – деп күліп жіберді көр…

0
0
567

ЖАР ТАҢДАУ ТОЙЫ

Келесі күні онкилондардың көктемнің кемел тууын, жыл құстарының келуін, солтүстік бұғыларының бұзаулауын атап өтетін көктем тойы болуға тиісті. Алаңқайға алакөбеден-ақ барлық мекеннен ағылып жауынгерлер келе бастады, үйде тек кемпір-шал, бала-шаға мен бұғы күзеткен бақташылар ғана қалды. Келгендер орман жиектей ру-руымен жайғасып, от жақты, әйелдер ас қамдап, ерлер жарысқа қажет қаруларын сайлады. Бір ошақтан бір ошаққа қыдырып, жаңалықтарын ортаға салысты. Онкилондарға жазылмыш бақытсыздықты жуықтатпас үшін бірге қалуға келіскен, қолында нажағайы мен жасыны бар жатжерліктерді көру үшін жауынгерлер топ-тобымен Амнундактың жертөлесіне кезек-кезек кіріп-шығып жатты. Алғашқы күндердегідей емес, әңгіме енді еркінірек өрбитін болды, себебі Горохов ұмыта бастаған чукча тілін есіне түсіріп, басқ…

0
0
689

ВАМПУЛАРМЕН ТҰҢҒЫШ ТАНЫСТЫҚ

Аюдың басын еттен арылтып, қоймаға жасыруға тиіс Никифоровты жалғыз қалдырып, жиһангездер ойпатты жиектей отырып терістік-шығысқа бет алды. Алғашқы сапардан таныс жерлерді көктей өтіп, түске тармаса олар бір ашық алаңға шықты. Оның дымқыл топырағынан көлге таяу тұста өгіз бен жылқы тұяғына қоса жалаңаяқ адам ізін тапты. Бұл онкилон ізі емес, себебі олар аяқкиімсіз жүрмейді. Және мынау табанның таңбасы тым үлкен, башпайлары әдеттегіден әлдеқайда ұзын, бірінші және екінші башпайларының арасы едәуір алшақ. Терістік-шығысқа қарай кеткен ізге иттерді салып жиһангездер тағы да екі алаңқайдан асып, үшіншісіне жақындағанда шуылдаған дауыстар есітті. Иттерді қарғысынан жетелеп, орман бауырына абайлай жетіп жазыққа көз тастап еді: вампулар жүр. Сегіз адам шөпте жатқан бір қараны айналып билеп жүр,…

0
0
499

МҮЙІЗТҰМСЫҚ АУЛАУ

Келгендердің көптігі арқасында жаңа жертөленің тіреулерін қою ширек сағатта ғана бітті. Жертөле төбесін шыммен жабуды әйелдерге қалдырып, Амнундактың бастауымен жиналған жауынгерлер жатжерліктердің алдында ғана кездестіретін бір үйір мүйізтұмсығы жүрген шығыс жаққа аңға шықты. Жиналған жүз шамалы адам орманды жиектеп, мүйізтұмсықтар жайылып жатқан тайшаптырым алаңқайды қоршап ала қойды. Көсем мен жиһангездер аң айдалмақ сүрлеуге жақындап кеп тұрды. Барлығы орын-орнына тұрып болған соң Амнундактын берген белгісімен онкилондар ағашты шоқпармен қағып, әскери жырларының айғай сүреңіне басып кеп жөнелді. Қаннен-қатерсіз жүрген мүйізтұмсықтар қапелімде қайда барарын білмей, алаңқайдың бірде ана шетіне, бірде мына шетіне атылып, қайда барса қарсы алған ызы-шу, ысқырықтан тайқып шыға берді. Ақыры…

0
0
1115

ҚҰРМАЛДЫҚ БЕРУ ЖӘНЕ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ

– Көсемге айтыңыз, – деді Никитаға Горюнов. – Біз ең бейбіт адамдармыз, ешкімге де қияғымыз бен тұяғымыз тимейді. Бізді де мұнда терістікке ұшқан құстар алып келді. Сол құстар жаздай жайлайтын жерді ғана көрсек дейміз. Көре сала өз жерімізге қайта ораламыз. Горохов бұл сөздерді аударып берді. – Ал қолдарыңда алыстан жайрататын әлгі нажағай мен жасын бар ма? – деп сұрады Амнундак. Осы сауалды бергенде бәзбірдеңені алаңдай күтіп отырғандардың көзі жатжерліктерге қадала қалды. Горохов Горюновқа аңтарыла қарап еді, ол былай деді: – Біздің қарулар қиядағыны қағып түсіретін нажағай мен жасын емей немене? Ол жайында онкилондар бәрібір біледі. Бізді құдайдың өзі жіберген деп біліп, қастық бірдеңе ойламасы үшін кезі келіп тұрғанда солай деп, тағы бір абыройымызды асырып алайық. – Иә, нажағай мен ж…

0
0
7354

ОНКИЛОНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

Ертеңіне тымық күн жиһангездерді түске дейін жіпсіз байлады, өйткені оған дейін тұман бір сейілген жоқ, зайыры, Санников жері ауа райының, әсіресе көктемгі ерекшелігі осы болса керек. Бұған таңданып та болмайды: қыруар жылы көлдер мен жылғалар ауаға ылғалды көп береді. Ал айнала мұзарт таулар мен қырлы алқаптар күн батқан соң ол ылғалды суытып, соқыр тұманға айналдырады. Ойпат ауасының ылғалды екенін мүк пен қынаның қалыңдығынан-ақ аңғаруға болады. Ағаштардың барлығының өн бойын мүк басқан, ал жапырақтарынан шудаланып сұр қына салбырап тұрады. Тауларының биіктігіне қарамай Санников жерінің Қазандық аралынан анда-санда ғана көрінетінінің де себебі осы тұманның қырсығы болса керек. Көктемде оны тұман құдайдың құтты күні торлап, кейін ол теңіз ашылғанда жерді қалың мұнар болып орап тастайтын…

0
0
428

АДАМНАН АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР

Алаңқайдан әрі тағы да орман танабы басталды, олар алдыңғыдай иттерді бұрын жіберіп ап, сүрлеумен жүріп отырды. Кенет орман ішінен иттердің шабалана кеп үрген үні шықты. Мылтығын оңтайлап жетіп келген жиһанкездер, шамасы, шөлдеп көлге беттеген жерінен иттер тоқтатқан бір үйір жылқыны көрді. Иттер құйрығын қысып ап ызыға үреді кеп, ал жылқылар жолын бөгеген құйтақандай батыл немелерге таңырқап шекеден қарайды. Тұяғымен жер тарпып осқырғанымен де олардың ілгері жылжуға батылы бармайды. – Енді не істейміз? Жол жабық, – деп күйгелектенді Костяков. – Атуға тура келеді, – деп дік етті Горохов. – Оқпен атпаңдар тек! – деп жалынды Горюнов. Ет әзір жетеді. Мыналардың тұрған тұрысы жаман, жараланса-ақ, айғыры бізге тұра ұмтылып, қалған табын таптап кетеді. Үйрекке деген бытырамен бер жағындағыларын…

0
0
741

КӨПІРШІГЕН КӨЛ

Асын еш әбігерсіз ішіп, тынығып алып, көлге апарар деген оймен өзекті жағалай отырып олар әрі жылжыды. Үміт ақталды. Шалғын арасы саз батпақты болғанымен, өзекті жағалап жүріп отыруға жарайды екен, ұзамай жиегі жасыл қамыспен көмкерілген диаметрі жарты шақырымдай ашық айдын шыға келді алдан. Әупілдек гүлінің жалпақ тостағаны су бетінде су жаңғағының (Тгара natans ) ұсақ жапырақ-тарымен аралас орналасқан. Су жаңғағы жер үстінен жоғалып кеткен өсімдік еді, ал мұнда аяқ алып жүргісіз. Балдыр көлегейлеген көл түбі терең тартып барады, су асты өсімдіктерінің арасы толған қоңыз, ерсілі-қарсылы жосып жүрген ұсақ шабақ. Көлдің ортасына таман үйректер мен шағалалар жүзіп жүр, айдынның әр тұсынан шоршып ойнаған ірі балықтар көзге түседі. Бұлтты көктей өтіп сығалаған түскі күн қиық сәулесімен осынау…

0
0
1193

ТАҢҒАЖАЙЫП ЖАНУАРЛАР

Ертеңгілік бұлыңғыр болғанымен жауын-шашынсыз және тұмансыз еді, сондықтан аңғарды аралап, зерттеуге еш кедергі келген жоқ. Арқасында қоржыны, иығында мылтығы бар төрт жиһангез терістікке бет алып жүріп кетті. Олар иттердің есті, иісшіл деген екеуін таңдап, өздерімен ертіп әкетті; оның біреуі қара да, біреуі ақ біріншісінің аты Крот, екіншісінікі – Белуха. Екеуі де жегін басы. Үшінші жегін басы Пеструханы ертіп жолдастарын шығарып салуға келе жатқан Никифоров таяу күндерге талғажау болса деп ізінше аң қағып қайтпақшы еді. Күртіктен жырақтаған сайын көк қалыңдауға айналды, мүк енді шөпке алмасып, поляр қайыңының шоқтары, жатаған үйеңкі мен жерге жабысқан қызыл шырлы кездесті. Түске тармаса күннің көзі сығалап, өсімдік дүниесін бір серпілтіп тастады. Ішке ендеп кірген сайын шоқтар да еңселе…

0
0
2308