Перейти к содержимому
Qoblandy

Қобланды Абенов

@Qoblandy

На сайте с 11 октября 2017 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

68

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

Ұстаз

Әуелі Алла бізге назар тастаса,
Жүректерді иманды ғып жасаса.
Одан кейін ұстаз дейтін ақылшы,
Шәкірттерді өмір жолда бастаса.

Күннің неге жарықтығын ұқтырған,
Шаршы алаңда қорғаныспен бұқтырған.
Мінезімді мойымайтын жарыста,
Ұстаз дейтін ұлы адам жұқтырған.

Алға бастап келген талай шәкіртті,
Қарыздармыз ұстаздарға үйреткен әріпті.
Өзі ылғый талап еткен сыныпта,
Ұлы ұстаз шәкіртіңбіз тәртіпті.

Болшағын алдындағы баланың,
Ғұмырының бақыты деп санаған.
Ұлы жандар әрқашанда аман бол,
Келер күнге үмітпен алға қараған

0
0
297

Ұнатуды боз бала боп үйренгем

Ұнатуды боз бала боп үйренгем,
Ұнатып қап талай рет күйрегем.
Өмір жалғап өткенен соң уақытты,
Қайта ұнатып, қайта тұрып үйренем.

Өткен күнің елестірін жерлейін,
Бақыт күнін ешкімге бермейін.
Бірге келген елестерді қалдырып,
Болашаққа жаңа үмітпен беттейін.

Жапқан есік қайта ашылып кетпесін,
Естеліктер өткен күннен өтпесін.
Жүрегімді талқандаған кезінде,
Сезім елін жек көріп мен кетпейін.

0
0
322

ФК Қайсар

Намыс кернеп жүрек тұсы,
Алға сырдың қазақ ұлы.
Биіктерге самғай бергін,
Сыр елінің арман құсы.

Алға Қайсар, Алға Қайсар,
Қызылорда мақтанышы.

Алаңда жүр алтын ұлдар,
Бағындырар асу шыңдар,
Қолда кәне сырдың елі,
Қолды көтер кәне кім бар ?

Алға Қайсар, Алға Қайсар,
Сыр елінің мақтанышы.

Қайсар - Қайсар, қайтпас қайсар,
Алға ұмтылса қақпа тулар.
Сырға жеңіс силайтұғын,
Қайсарымда намысты ұл бар.

Алға Қайсар, Алға Қайсар,
Бүкіл елдің мақтанышы.

0
0
319

Сол күн

Кетпейді сол күн есімде,
Алғанмын сабақ өмірде.
Серттердің көбі қыздарда,
Бұзылған түнгі вечерде.

Сүйгенің қайда, сүйгенің қайда ?
Сүйем деп айтқан сөздердің, қалған ба жайға ?
Сүйем деп берген сертерің маған,
Басқандай еді тайғада таңба.

Сүйем деп айттың неге онда,
Сертіңде тұрмай бұрылсаң артқа.
Сезімдер келді кетпестей ойға,
Қалғандай ессіз қаңырап жұртта

0
0
332

Эл Класико жайлы

Месси дейді ұлы футболшы,
Голдарына баға берген шолушы.
Ренжіиді бұған бірақ түсінем,
Криштанның Роналдо ұрпағы.

Бұған қоса Уругвайлық Суарес,
Финтер салып билегенде алады ес.
Он алтыда торуылдап қақпаны,
Соғушы еді бір ойында голды бес.

Бразилия арыстаны Неймарды,
Жасыл алаң руxтандырмай қоймайды.
Ойындарда тәкәпарлық көрсеткен,
Жас батырды Луис Энрике қолдайды.

Шашы ұзын жігіттерді біреуі,
Уэлістің мақтанышы тіреуі.
Бэйл деген дүлей жүрсе алаңда,
Мадридті қуанышқа бөлейді.

Айта берсе ұлы ойын туралы,
Бүгін бітпес жырланатын жыр әлі.
Алаңдарда тіресіп ақ қалады,
Батыр жандар голды соғып қаxарлы.

Хан талапай басталғанда доп үшін,
Ойыншыны құрметтеген көп кісің.
Келіспесе шолушымен футболшы,
Көрсетер ау ойындарда бар күшін.

0
0
169

Қараталым

Қараталдың жігіттері,
Қараталды бесігім деп біледі.
Жүрседағы ел алдында ұрандап,
Қараталды жүрегімен сүйеді.

Намыс шыбық егілген ғой жүрекке,
Араландарым Қаратал деп тілекте.
Еккің келсе жұлып алып басқа тал,
Келмес қайта талдың орны емдеуге.

Жігіттердің намысы ғой Қаратал,
Қарт өзенді жырлап өткен талай шал.
Қариялар сөздерінен ұққаным,
Қараталдың суы шипа, дәмі бал.

Қараталда кесілген ғой кіндігің,
Туған жерді сүйіп өту міндетің.
Туған мекен тілек саған жүректен,
Әрқашанда ашық болсын түндігің

0
0
272

Сүйген адам

Сүйген адам сүйіктісін тастамайды,
Жаман ырым ешқашан бастамайды.
Жүрегімен қалаған жанды сүйіп,
Сезімінің шыңында аспандайды.

Сүйген адам сүйіктісін сүйіп өтер,
Сүйе алмаса нашарлар жолдан кетер.
Жүрегінің үніне құлақ салған,
Мына өмірде бақытқа солар жетер.

Сүйген адам сүйіктісін алдамайды,
Алдағанды құдайда қолдамайды.
Алдап өтер жандарға сүйіктісін,
Аспандағы әлемде тыныштықты жолдамайды.

Алдамасын адамдар сүйіктісін,
Сүйіктіні сүйетін жандар үшін.
Татулықты ту еткен жүрегіммен,
Жазғырмаспын ешкімді бұны түсін.

0
0
660

Арман

Түсімде түсіп ғажайып бір далаға,
Кезіктім сая бақта қыз балаға.
Айтшы қалқам мекенің,
Ертегіде айтылған қиялдағы қалама ?

Жүрегімде қалды әсем сөздерің,
Ұмытпастай мөлдір екен көздерің.
Алдым қазып естелікке сол жерден,
Қыздың жүрген аяқ киім іздерін.

Жаулап алды жүрегімді қыз деген,
Қиялымда қыз бейнесі кел деген.
Қиялға еріп арман қуып жүргенде,
Оянамын амалсыз,дауыстардан тұр деген.

0
0
249

Сүю парыз

Сүю парыз пайғамбардың сүннеті,
Сүйе білген ақ пайғамбар үмбетті.
Жұптарын силап өту құрметпен,
Парыз болған пенделерге жердегі.

Періште емес пенделерміз жаратқан,
Бірақ бізді артық қылып таратқан,
Парызыңды біліп тұрып сүймесең,
Күнә болар біліп тұрып жылатқан.

Бұған куә көк аспанда періштем,
Періштелер сүйген жанды күзеткен.
Қате кеткен жан болса егер жолынан,
Белгі беріп жүрегімен түзеткен.

Сүю сүннет, сүю болса парыз,
Тек ойлама бұл жай ғана аңыз.
Сүйе білгін жүрекпен соғатын,
Ертең болмасын мойынға қарыз.

0
0
285