ФК Қайсар
Намыс кернеп жүрек тұсы,
Алға сырдың қазақ ұлы.
Биіктерге самғай бергін,
Сыр елінің арман құсы.
Алға Қайсар, Алға Қайсар,
Қызылорда мақтанышы.
Алаңда жүр алтын ұлдар,
Бағындырар асу шыңдар,
Қолда кәне сырдың елі,
Қолды көтер кәне кім бар ?
Алға Қайсар, Алға Қайсар,
Сыр елінің мақтанышы.
Қайсар - Қайсар, қайтпас қайсар,
Алға ұмтылса қақпа тулар.
Сырға жеңіс силайтұғын,
Қайсарымда намысты ұл бар.
Алға Қайсар, Алға Қайсар,
Бүкіл елдің мақтанышы.
