Сүйген адам
Сүйген адам сүйіктісін тастамайды,
Жаман ырым ешқашан бастамайды.
Жүрегімен қалаған жанды сүйіп,
Сезімінің шыңында аспандайды.
Сүйген адам сүйіктісін сүйіп өтер,
Сүйе алмаса нашарлар жолдан кетер.
Жүрегінің үніне құлақ салған,
Мына өмірде бақытқа солар жетер.
Сүйген адам сүйіктісін алдамайды,
Алдағанды құдайда қолдамайды.
Алдап өтер жандарға сүйіктісін,
Аспандағы әлемде тыныштықты жолдамайды.
Алдамасын адамдар сүйіктісін,
Сүйіктіні сүйетін жандар үшін.
Татулықты ту еткен жүрегіммен,
Жазғырмаспын ешкімді бұны түсін.
