Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Қараталым

Қараталдың жігіттері,
Қараталды бесігім деп біледі.
Жүрседағы ел алдында ұрандап,
Қараталды жүрегімен сүйеді.

Намыс шыбық егілген ғой жүрекке,
Араландарым Қаратал деп тілекте.
Еккің келсе жұлып алып басқа тал,
Келмес қайта талдың орны емдеуге.

Жігіттердің намысы ғой Қаратал,
Қарт өзенді жырлап өткен талай шал.
Қариялар сөздерінен ұққаным,
Қараталдың суы шипа, дәмі бал.

Қараталда кесілген ғой кіндігің,
Туған жерді сүйіп өту міндетің.
Туған мекен тілек саған жүректен,
Әрқашанда ашық болсын түндігің

 
0
0
273

Еще по теме

Қараталым - Yvision.kz