Ұстаз
Әуелі Алла бізге назар тастаса,
Жүректерді иманды ғып жасаса.
Одан кейін ұстаз дейтін ақылшы,
Шәкірттерді өмір жолда бастаса.
Күннің неге жарықтығын ұқтырған,
Шаршы алаңда қорғаныспен бұқтырған.
Мінезімді мойымайтын жарыста,
Ұстаз дейтін ұлы адам жұқтырған.
Алға бастап келген талай шәкіртті,
Қарыздармыз ұстаздарға үйреткен әріпті.
Өзі ылғый талап еткен сыныпта,
Ұлы ұстаз шәкіртіңбіз тәртіпті.
Болшағын алдындағы баланың,
Ғұмырының бақыты деп санаған.
Ұлы жандар әрқашанда аман бол,
Келер күнге үмітпен алға қараған
