Ұнатуды боз бала боп үйренгем
Ұнатуды боз бала боп үйренгем,
Ұнатып қап талай рет күйрегем.
Өмір жалғап өткенен соң уақытты,
Қайта ұнатып, қайта тұрып үйренем.
Өткен күнің елестірін жерлейін,
Бақыт күнін ешкімге бермейін.
Бірге келген елестерді қалдырып,
Болашаққа жаңа үмітпен беттейін.
Жапқан есік қайта ашылып кетпесін,
Естеліктер өткен күннен өтпесін.
Жүрегімді талқандаған кезінде,
Сезім елін жек көріп мен кетпейін.
