Сүю парыз
Сүю парыз пайғамбардың сүннеті,
Сүйе білген ақ пайғамбар үмбетті.
Жұптарын силап өту құрметпен,
Парыз болған пенделерге жердегі.
Періште емес пенделерміз жаратқан,
Бірақ бізді артық қылып таратқан,
Парызыңды біліп тұрып сүймесең,
Күнә болар біліп тұрып жылатқан.
Бұған куә көк аспанда періштем,
Періштелер сүйген жанды күзеткен.
Қате кеткен жан болса егер жолынан,
Белгі беріп жүрегімен түзеткен.
Сүю сүннет, сүю болса парыз,
Тек ойлама бұл жай ғана аңыз.
Сүйе білгін жүрекпен соғатын,
Ертең болмасын мойынға қарыз.
