Эл Класико жайлы
Месси дейді ұлы футболшы,
Голдарына баға берген шолушы.
Ренжіиді бұған бірақ түсінем,
Криштанның Роналдо ұрпағы.
Бұған қоса Уругвайлық Суарес,
Финтер салып билегенде алады ес.
Он алтыда торуылдап қақпаны,
Соғушы еді бір ойында голды бес.
Бразилия арыстаны Неймарды,
Жасыл алаң руxтандырмай қоймайды.
Ойындарда тәкәпарлық көрсеткен,
Жас батырды Луис Энрике қолдайды.
Шашы ұзын жігіттерді біреуі,
Уэлістің мақтанышы тіреуі.
Бэйл деген дүлей жүрсе алаңда,
Мадридті қуанышқа бөлейді.
Айта берсе ұлы ойын туралы,
Бүгін бітпес жырланатын жыр әлі.
Алаңдарда тіресіп ақ қалады,
Батыр жандар голды соғып қаxарлы.
Хан талапай басталғанда доп үшін,
Ойыншыны құрметтеген көп кісің.
Келіспесе шолушымен футболшы,
Көрсетер ау ойындарда бар күшін.
