Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.
Ресейдің Алтай өлкесінен шыққан жазушы Виктор Слипенчуктың бізден үш жас кішілігі бар баласы, кәсіпкер-миллиардер, ООО ИФК "Метропольдің" бас директоры, Сібірдегі поллиметал кен орындарының қожайыны, ғылым докторы, мемлекет және қоғам қайраткері, құнды қағаздармен жұмыс жасайтын Миxаил Слипенчукпен 2010 жылдың басында Мәскеудегі өз офисінде танысқанбыз. Ресейден үлкен көлемде Қытайға газ тасу, Гонконг қаржыгерлерін поллиметал кен орындарын игеруге қатынастыру мәселелері Гонконг биржасының өкілі, ескі достымыз Паул Таммен Миxаил үшеуіміз арамызда өрбіген. Халықаралық шиеленісті жағдайларға байланысты көптеген жобалар жүзеге аспай кейінге қалдырылды. Ал сол жыл Миxаил үшін ерекше табысты жыл болды. Тасы өрге домалаған кәсіпкер бірнеше миллиардтарға байлығын арттырып, форбес кітабына есімі енгізілді. Экология мәселесімен тыңғылықтап айналысып жүрген кәсіпкер Байқал көлін сақтап қалу жолында көптеген нақты іс-шаралар атқарып, арнайы қондырғымен Ресей Президенті В.В.Путинмен бірге көлдің бір шақырымнан терең тұңғиық астына түсіп қайтты. Ресей Думасының депутаты болып сайланғаннан кейін де Миxаил қоғамдық негіздегі жұмыстарды белсене атқарып келеді. Миxаилға қолға алған қыруар істерінде әрдайым сәттіліктер тілейміз!


0
0
540

Еще по теме

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ - Yvision.kz