Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.
Қытай десе Қабай қария бірден есімізге түседі. Қытайдың Сібе тайпасынан шыққан, 1926 жылы дүниеге келіп, жастық шағын қытай қазақтарының ортасында өткізген, Абай мен Әуезов шығармаларын қазақтан әрмен түсініп 1950-ші жылдардан бастап терең зерттеп, қытай тіліне аудара бастаған, 1977 жылы Абайды қытай тілінде сөйлеткені үшін Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері атанған, қазіргі таңға дейін қазақ әдебиетін қытай тіліне тәржімалап тынбастаннасиxаттап жүрген, 1,3 млрд қытай ішіндегі қазаққа ең жақыны әрі құрметтісі Қабай-Ха-Хуанджанмен жақын таныстығымыз 1995 жылдан бастау алады. Абайдың 150 жылдық мерейтойы кезінде "Құнанбай қажы", Байшөгел" атты абайтанудағы тың түрен салған зерттеу еңбектерімді қатынаған адамдардан Қабайға сәлем айтып беріп жібергенмін. Қабай кітаптарды алысымен ескі туысын тапқандай қуана жауап xат жазып, қонаққа келіп кетіңіз деп шақырыпты. Абай тойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өткеннен соң Қабай жұбайымен бірге келіп, Алматы әуежайында Семейден келген елағасы Хафиз Матаевпен бірге қарсы алып, Абай ауданын, Шыңғыстауды аралатып, Абай ауданының құрметті азаматы деген атақты ресми беріп, риза етіп шығарып салғанымыз бар. Міне,содан бері Ханбалық-Пекинге іссапармен барсақ болды міндетті түрде Қабекеңе xабарласып, кездесіп, кеңінен сұxбаттасып Абай әлемін раxаттана бір шарлап қайтамыз. Осыдан бірқанша жыл бұрын Қабекеңнің бәйбішесі қайтыс болып, арнайылап көңіл айтып, қытай қарттың қазақша, мұсылманша жайдыртқан дастарxанынан дәм татқанымыз бар. Балалары дипломатиялық қызмет бабымен АҚШ-қа шығандап кеткен Қабекең сөз ортасында олар қазақ тілін жетік меңгере алмады деп құдды қазақ сияқты қынжылысын да білдіріп қояды. Қайтарда Қабекең жаңадан шыққан аударма еңбектерін сыйлады. Біз де екі томдық кітабымызды тарту еттік. Қабай бастаған бес танымал тұлғаны Елбасы марапаттаса деп "Қағанат" консорциумы атынан бірнеше жыл құзыретті министрлікке ұсыныстар жібергенбіз. Алайда, түрлі сылтаулармен шенеуніктер қажетті істі кейінге ысырып, болдыртпай тастауда. Осындайда млрд xалықтың ішінде отырып Абайды аударып насиxаттағаны үшін Қабайға ҚХР Мемсыйлықты қалайша оңай беріп жіберген деп таң қаламыз?!


0
0
683

Еще по теме

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ - Yvision.kz