ЖЫЛҚЫЛЫ АУЫЛДА
ЖЫЛҚЫЛЫ АУЫЛДА
Таудың күнгей бетiндегi ауыл – жайлау. Мұнда Сейiтжан нағашы ағасының үйiне апасы екеуi келген. Қаладан шығатын жол таудың осы баурайын бөктер-лейдi екен. Сондықтан олар бiр кезең асқан соң, ауылдың үстiнен бiр-ақ түстi.
Жайлауда қаладағыдай ыстық жоқ, салқын. Жұмсақ ауа. Үйдiң iргесiнен сарқырама ағады. Мұрныңды майса шөптiң иiсi жарады.
Жайлау деген осы екен. Ал Сейiтжанға ұнамағаны – көмекшi жылқышы Бекжанның Жанаш деген баласы. Сотқар. Таныспай жатып, тiлiн шығарды, мұрнын тыржитты. Сазайын беруге болар едi, батылы жетiң-кiремедi. Кiм бiледi, ол өзiнен күштiрек болар... Тағы бiр ұнамағаны – нағашысының үйiнде ойынға серiк боларлық бала жоқ. Ойнайтын ешкiм табылмаған соң, бәрi көңiлсiз. Бiрер күн өткен соң, нағашы ағасы:
– Сейiтжан, бүгiн жылқының күзетiне алып барамын. Көр. Қалаға барғасын әкеңе айтарсың. Тауда түн салқын. Жылы киiнемiз, тоңбайсың, – дедi. Сейiтжан бұған ойланбастан «барамын» дедi. Баласының iшi пысып жүргенiн сезген апасы да қарсы болмады. Олар кешкi астан кейiн жинала бастады. Нағашысы жуас торы атты ерттедi. Қанжығасына тон байлады. Қос ауыз мылтығын асынды.
Сейiтжанды алдына мiнгiздi. Жалғыз аяқ жолға түскенде, жылқышы Бекжан мен оның баласы Жанаш қуып жеттi. Жанаштың астында жирен қасқа тай. Кә-дiмгi жылқышы сияқты. Қолында тобылғы сапты кiш-кене қамшысы бар. Сейiтжан қорықты.
Жылқыға жеткенде қара көк аспаннан шоғыр-шоғыр жұлдыздар көрiндi. Қараңғылық тез түстi. Ай туғанша жылқыны бытыратпай жаю керек екен. Ай туғаннан кейiн қауiп жоқ. Төңiрек тегiс көрiнедi.
Қараң-құраңдаған итқұс болса, көзге бiрден шалынады. Бұл кезде кезектесiп көз iлдiрiп алуға да болады екен. Жылқының түнгi кезегi дегендi Сейiтжан осылай ұқты. Көп ұзамай Сейiтжан қалғи бастады.
– Жанаш екеуiң тонға оранып, ұйықтандар! – деп, нағашысы аттан түсiрдi. Тонға оранып ұйықтағанды Сейiтжан жақсы көрiп тұр.
«Жанаш екеуiң» дегенi ұнамады. Жанаштың да мо-йыны былқылдап кеттi. Ұйықта дегендi естiгенде-ақ та-йынан түстi. Жылы тонның iшiне кiрiсiмен, екеуiнiң де мұрындары пысылдап сала бердi. Жылқышылар тонға оранғандарды күн шыға оятты.
– Шық қалың түсiптi, жауын болады. Жылқыны ойға айдау керек. Тұрыңдар, балақайлар!
Жылқышылар асығып-аптығып, аттарының төс
тартпаларын қайта тартты. Жанаштың тайы да ерттелдi. Жылқы үйiрi еңiске қарай дүркiрей жөнелдi. Жылқынын соңынан Жанаш та тайымен жосып барады. Ол Сейiтжанға ересек адамдай көрiндi. Ештеңеден қорықпайды, сондай күштi. Сейiтжан оның әнеу күнi мұрнын тыржитқанын да ұмытып кеттi. Жанаш дос болуға татитын бала екен.
