Жаяу сүйреген шана
Жаяу сүйреген шана Сағаттың тiлiндей айналған күн өте бердi. Мұқанның қарағайды қамыстай қаусатып, қолымен тартып құлатқаны, талай ауыр жүктi жалғыз тиегенi аңыз болып айтылып жүрдi. Челябинск, Қазан, Уфа, Самарға бiрнеше рет барып та қайтты. Бойы өсiп, буыны қатая түсiп, он сегiздегi жiгiт болды. Қыс ортасы ауып, февральдың iшiнде, үстi-үстiне төпеп қар жауып, Қызылжар айрықша суытты. Масликовтың үйiне отын да, шөп те шақ келмедi. Ауыр жұмыс қайда болса Мұқанды сонда жұмсау әдетке айналды.Айдың аяғына таман iшкi Ресейге кеткен көлiктер келiп, қаладан жиырма шақырым жердегi шөпке, Мұ-қанның қасына төрт шана қосып, бес көлiк жiбердi. Масликовтың үй үшiне Мұқанның ауыр мiнез, тiл алғыш, тәртiптiлiгi қатты ұнаған едi. Ол қандай жұмыс тапсырылса да орындап келуiне әбден сендi. Сондықтан: – Ми…