ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Оспанхан ӘУБӘКIРОВ
ҚЫТЫҚ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
Жабақ бiр күнi таң атпай тұрып алып жылады. Осы кезде апасы оянып:
– Неге жылап отырсың, алтыным? – деп сұрап едi, баласы:
– Қытығым келiп отыр, а-а-а, – деп әндете бердi
– Қытығы келсе жылай ма екен, күлмей ме, көкесi деп таң қалды апасы.
– Қытығым әлi келген жоқ, бiрақ келетiн уақыт болды. Қытығым келгенде қатты күлем. Содан қорқып жылап отырмын, – дедi Жабақ одан әрi дарылдап.
«Ұйқысырап отыр ма, әлде бiрдеңе сұраудың ыңға-йын таба алмай отыр ма» деп ойланды да, апасы:
– Не iстеймiз ендi? Бiрдеңе жесең, қытығың кете ме екен? – деп сұрады.
– Бiр-екi кәмпит болса, қытығым келмес едi, а-а-а, деп үдете жылады Жабақ.
Апасы не күлерiн бiлмей, не ұрсарын бiлмей, кәмпит әкелiп берiп едi, Жабақ күлiп жiбердi. Шамасы қытығы келсе керек.
