Әке туралы ой
Әке асқар тау дегендей, мен сол асқар тауымды көре алмадым. Мен туғанда әкем қара жер жамылып жатты. Тек есімімді ғана қойып үлгерді. Анама енді бұл өмірде гүл сыйлай алмайтынын сезгендей есімімді Арнагүл деп қойып кетті. Жиырма жыл бойы оның жарқын жүзін көру маған орындалмас арман болып кетті. Қолда тек қана оның жас кезіндегі суреттері. Әттең... Өмір деген осы болар. Аллаға да жақсы адамдар керек дегенді жиі еститінмін. Әкемнің жақсы адам болғаны. Өмірден ерте кетседе ортада жақсы жағынан ғана танылды. "Әкең тірі болса..." дегенді жиі естимін. Әкемді қатты сағынамын. Әкелері барларға қызыға қараймын. Оның мейірімін, жылы алқанын, құшағын сезінгім келеді. Мұндай сезімдер маған бейтаныс. Бәрі сол апаттың кінәсі...
