Перейти к содержимому
arnush12

arnush12

На сайте с 1 апреля 2015 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

7

комменты

2

подписчика

2

подписки

2

Баянауыл

Баянауыл-туған өлкем Табиғаттың кереметі саналған, Баянауыл ерекше боп жаралған. Бұл маңайда оған ешкім тең емес, Адамдарда рухани бір нәр алған. Мұнарлы Ақбет-таулардың ең биігі, Асыр салған арқар менен киігі. Шыңына шықсаң бар айнала көрінер, Табиғаттың бейне бір Жерұйығы. Сұлулығы ежелден аян болған, Бар байлығы еліне бақ боп қонған. Өзен-көлі, тау-тасы, ормандары Жырға айналып, ән болып, аңыз болған. Жанға жайлы ғажайып табиғаты, Баянаула ерекше жердің аты. Қойнауы кең, өрісі малға жайлы Сыр шертеді ескерткіш әрбір заты. Тас мүсіндер ескерткіштей сақталған, Сырлары бар ашылмаған сан алуан. Мөлдір сулы бұлақтары тамаша Көлдеріне қаз, үйрек, аққу қонған. Талай дарын туып өскен бұл елде, Айналған жер қасиетті мекенге. Баянаула Жерұйықтың өзі деп , Шындығында айтылмаған бекерге. Туған жер…

0
0
1518

Әке туралы ой

Әке асқар тау дегендей, мен сол асқар тауымды көре алмадым. Мен туғанда әкем қара жер жамылып жатты. Тек есімімді ғана қойып үлгерді. Анама енді бұл өмірде гүл сыйлай алмайтынын сезгендей есімімді Арнагүл деп қойып кетті. Жиырма жыл бойы оның жарқын жүзін көру маған орындалмас арман болып кетті. Қолда тек қана оның жас кезіндегі суреттері. Әттең... Өмір деген осы болар. Аллаға да жақсы адамдар керек дегенді жиі еститінмін. Әкемнің жақсы адам болғаны. Өмірден ерте кетседе ортада жақсы жағынан ғана танылды. "Әкең тірі болса..." дегенді жиі естимін. Әкемді қатты сағынамын. Әкелері барларға қызыға қараймын. Оның мейірімін, жылы алқанын, құшағын сезінгім келеді. Мұндай сезімдер маған бейтаныс. Бәрі сол апаттың кінәсі...

1
0
1916

Әкеме арнау

Сағындырған асқар тауым әкешім Ойлағанда тебірентіп кетесің. Бұл фәниде жоқ болсаңда арада, Мен үшін сен орны бөлек әкесің. Көре алмадым сенің жарқын жүзіңді, Естімедім айтқан жылы сөзіңді. Үлкендердің айтуымен тек қана, Көз алдыма елестетем өзіңді. Дүние есігін аштым менде шыр етіп, Тағдыр саған көруге оны жазбапты. Ойлағанда жас жүрегім дір етіп, Сағыныштың отын жағып маздатты. Жалғастырдым салып кеткен ізіңді Жүргендейсің бейне менің қасымда. Көрсең шіркін армандаған қызыңды Кім екенін он төрттегі жасында. Неге тағдыр сонша қатал,білмедім, Оралмасқа ерте кеттің өмірден. Басқалардай арамызда жүрмедің, Тірек болып, шықпай әр кез көңілден. Бұл өмірде адамдар бар әкесіз, Кейбіреуі әке қадірін білмейді. Өз әкесін сыйламайтын жетесіз, Біреулердің әкелерін күндейді. Асыл әке өмірде жоқ болсаң…

1
0
2265