Перейти к содержимому
Обложка сообщества Qaz

«БОҚЫРАУ»

«БОҚЫРАУ»

– Ата, күздiң тағы қандай амалдары бар? – деп сұрады таңертең Дәурен атасынан. – Сiздiң амалдарыңыз алдамайды екен.

– Амалдың алдамайтын себебi алда, – деп күлдi атасы.

– Баяғыда амал ауысқан сұрапыл жылдар да болыпты. Алайда, амалдарды ауыстырып қайтесiң, балам?

– Мейлi, ауыса берсiн, бiз одан қорықпаймыз. Атасы мырс етiп күлдi.

– Тiрi табиғатты қайтесiң, балам-ау. Аңдарды, құстарды, құрт-құмырсқаны қайда қоясың?

Дәурен ештеңе айта алмады.

– Бiлмеймiн...

– Мұнан соң, – дедi атасы, – қазанның он бесiне қарай мындаған өсiмдiк түрлерi ұрықтарын жерге төгiп болады. Құрт-құмырска жазғы әрекеттен әбден қалжыраған. Ел қыстауға көшедi.

– Өйткенi тағы бiр жұлдыз туады ғой, – дедi Дәурен.

– Ендi жұлдыз тумайды. «Жазғы» жұлдыздар «қыс-қы» жұлдыздарға ауысады. Түн қатты суытады да, малдың қиы тоң боп қатады. Бұл амалды қазақ «Боқырау» деп атайды.

– Жұлдыздардың да «жазғысы», «қысқысы» бола ма?

– Болады. Көкек айынан бастап, қазан айының он бесiне дейiн жұлдыздар ұсақтау көрiнедi. Бұл «жазғы» жұлдыз. Ал қазанның он төртiнен он бесiне қараған түнiнен бастап жұлдыздар баданадай-баданадай болып iрiлейдi. Бұл «қысқы» жұлдыздар.

 

0
0
625

Еще по теме

«БОҚЫРАУ» - Yvision.kz