Қар күреген бала
Қар күреген бала
Ақпан-қаңтардың сақылдаған сары аязы. Қыламықтап қырау ұшқындап,
барлық заттың сыртына мұздан сауыт кигiзiп тұрды. Қызылжар қаласының орталық бiр көшесiндегi қорада, үлкен сарайдың темiр қақпасы кең ашылып, iшiнен «њауппалаған» дауыс естiлiп жатты. Бұл саудагер Иван Ногичтiң қоймасы едi. Күзде сойылған малдың етi мен майы ендi iшкi Ресейге жөнелтiлiп, оны таситын 60 пар ат шана жұмсайтын кiрешi бай Орлий Масликов кiресiн алып едi. Отыз пұт май құйып қатырған кеспектi он адам жабылып орнынан қозғалта алмай жатты. Сарай iшiндегi дауыс солардың үнi.Қораны басқан қарды күреуге жалдаған он алтыдағы жас бала сарайға қайта-қайта қарай бердi.
– Ей, сенiң әкеңнiң аты кiм? – дедi бүрме қара тонды қойманың
басқарушысы.
– Оны қайтесiң?
– Сұраймын.
– Құда түсейiн деп пе едiң?.. Айтатыныңды айта бер, – дедi кiшкене
қара көзiн жымита қараған бала.
– Сен онда неге қарайсың. Қарыңды күре де, тиiстi тиын-тебенiңдi
алып, құры. Бөгде нәрсеге бұрылып қараудың саған қанша керегi бар? Соншалық сарайдың есiгiне қарай бересiң...
– Сен балдырламай, маған сонда не iстеп жатқаныңды түсiндiршi.
– Тау көтерiп жатыр.
– Сонда, сарайға кiрген тау көтерiлмей жатыр ма? Шуылдап басымды
ауыртты. Өздерi адам ба, шөптi – «сырғауыл көтерiп келдiк» деген бақсының жыны ма?!
– О-хо-хо. Мынаның сөзi отыз пұттан гөрi ауыр жатыр екен. Жiбер
сарайға, көтерiлмей жатқанның не екенiн көрсiн, – дедi тұлыпты көмiлтiп киiп, қақпа ау-зында тұрған саудагер.
– Ей, бар ендi. Әне, мырза көрiп тұр.
– Көрсе немене... – деп қар күреген бала есiк алдында тұрғандарды қаңбақтай қақтырып, сеңдей соқтырып, қаға-маға сарайға кiрiп келдi. Басқаны бүрлiк-тiрген аяз, оған шыбынсыз жаз сияқты. Үстiнде мақталы жыртық шапан, биялайын белiне қыстырып, бас киiмiн қолына ұстап, қимылдап жүрген кiсiлерге аңы-рая қарады. Тұрған орнынан жарты кездей ғана жерге әрең жылжыған кеспектiң қасына жақындап, иығымен қағып, астындағы қалың тақтайды сықыр еткiздi.
– Көтерiлмейтiн тауларың осы ма?
– Саған жеп-жеңiл көрiнiп тұр ма?
– Әй, тәйiрi-ай... Соны да сөз деп айтып тұрсыңдар-ау. Тау дегенге
таңырқансам, бұл шелектей-ақ ыдыс қой. Он кiсi жабылып, қаланы «њаппалап» бастарыңа
көтерiп жүргендерiң осы ма? Өздерiң шетке ысырылып, тиейтiн шанаңды есiк алдына
әкеле берiңдер. Әй, әдемi тұлыптылар, қалбалақтап жүрiп, бiр жерлерiңдi қақтырып
аларсыңдар, кейiн қаш!
– Мынаның сөзi қандай дөрекi! Қожайындарға қалай түйеден түскендей
сөйлейдi, – дестi мұртына мұз қатқан жұмысшылар.
– Оны қоя тұр. Алдымен ауылдың алаңғасарының
күшiн көрейiк! – дедi iргеге қарай ысырылған екi мырза.
Бала еңкейе берiп, кеспектi иығымен нығырақ тiреп қағып жiбердi.
Астына салған ломдар мен қада ағаштар шатыр-күтiр етiп, бiрiне-бiрi қағысып, бастары шошаңдасты да, отыз пұт тоң май құйған кеспек екi-үш қаққанда желге ұшқан ебелектей домаланып сарайдың есiгiне барып та қалды. Шой табан екi завод атын жеккен жүк шанаға қалай барып түсiп қалғанын тұрғандардың көзi шалмай да қалды.
– Ей, мынауың не iстеп жiбердi?
– Не iстегенiн көрмей тұрмысың! Оның орнынан қозғай алмаған кеспектi
шанаға апарып салып қойды.
– Айтайын дегенiм ол емес-ау, қожайын, тегi осы кәдiмгi адам ба?..
- Ендi кiм?
– Бiр жақтан келген дию ма, перi ме, бiрдеңе шығар өзi.
– Не де болса, оның көтере алмағанды бiр өзi көтере салды, жарайды.
Мiне, саған елу тиын, – дедi май салған кеспектiң қожасы.
– Жиырма тиынды мен берейiн, – дедi Масликов
кең барқыт шалбарының қалтасына баржиған семiз қолын сұғып жатып.
– Майлы бай, қанша қорбаңдасаң да, қолыңа бiр
сомдық сары шұнақ iлiнбедi-ау, – дедi екi бай бiрiн-бiрi әзiлмен қағысып.
– Сен ендi байыдың. Қар күрегенiңе тиын алма,
– дедi, қораны күретiп жатқан қамбашы.
– Былшылдамай, уәделескен он бес тиынды әкел.
Мен бай кiсi емес, ол маған тамақ болады. Жетпiс тиынды ауылдағы тарығып отырған әжеме жiберем, – дедi жалпақ қайың күрекпен шөмелеп қарды биiк қорадан асыра атып жатқан, бетi бұрқыраған термен буланған бала.
– Орлий, сен маған мырзасынған былшылыңды айтпай,
мына қазақты қолыңа түсiрiп ал. Кiрекешiңе мұндай адам керек қой. Ол ретi келгенде жиырма кiсiнiң жұмысын iстейдi. Жотасына қарашы, буыны қатпаған бала, шойыннан құйған алыптардың ескерткiшi сияқты...
– Өзiм де соны ойлап, жиырма тиын сыйлап тұр-мын.
Бiрақ ол жиырма кiсiнiң тамағын да iшедi ғой. Өзiң айтқандай буыны қатпаған бала, созыла беретiн резеңке қанар сияқты болады.
– Немене, саған үсiген картоп пен Есiлдiң сасыған
шабағы жетпей ме? Бере бер астырып...
– Я, оның да есебiн табармын. Қысы-жазы
құмырс-қадай шұбыртып, жүргiзiп отырған кiреге мұндай күш керек. Әсiресе ұзақ сапарға таптырмайды.
Бала қарын күреп болып, тиынын алған соң, Масликов қойын дәптерiн алып, балаға жымия қарап, әңгi-меге кiрiстi.
– Бала, сен қайдан келдiң, ә?.. Мен бiлем, сен
Қы-зылжардiкi емес. Қай болыс, қай ауылдiкi?
– Ақмола облысы, Сарытерек болысы, Құрама ауылынан.
– Әкеңнiң аты кiм?
– Мұңайтпас Ернақов.
– Өз атың кiм?
– Мұқан. Оны қайтесiң?
- Сенiмен тамыр болғым келiп тұр.
– Тамыр болып ат мiнгiзесiң бе?
– Жарайды, мiнгiзейiн. Сен маған жiгiт боласың, дұрыс па?
– Болайын, айына не бересiң?
– Мен саған бәрiн берем. Тамақ менен болады.
Сенiң киiмiң жоқ, киiм берем, сондай айлық берем, – айың бiр сом сексен тиын.
– Ей, тамыр, оның аз ғой. Рас, мен жұмыс iздеп
келдiм. Әжем, әке-шешем бар, кедей кiсiмiз. Ең болмаса менiң тапқаным солардың
қант, шай, нанына жететiн болсын, аздап қосыңқыра.
– Менен басқа кiсi саған сексен тиыннан артық
бермейдi. Мен сенi аяп үлкен жiгiттерге беретiн айлық берiп тұрмын. Оның үстiне
мына алпамсадай денеңе, оны киiммен жабдықтауға, iшетiн тамағыңа екi-үш жiгiтке беретiн қаржым артық шығатынын бiлесiң бе!
Бала ойланып тұрып-тұрып, келiсiмiн бердi. Келешектегi әлемдiк палуан Қажымұқан Масли-ковқа осылай келiп жалшылыққа тұрды.
* * *
Мұқан Масликовтың үйiне келген күнi, жалпы кiрешi жалшылар жататын жатақханаға орналасты. Сабан төселiп, пеш қойған сарайдың бiр бұрышы
тидi. Сонда түнеп шықты. Ертеңiне қожасы Мұқанды өз үйiнiң ауыз бөлмесiне шақырып, отыз пұт кеспектi доп қылып домалатқан дәудi өзiнiң қатын-балаларына, қонақтарына көрсетiп, оның көп жiгiтiнiң бiрi болғанын айтты. Күштi баланы айнала қарасып, бойын аршындап, салмағын өлшеп, Масликовтың кереметтей етiп айтқанына сенбедi.
– Бұл қалай отыз пұт көтередi? Бойы жарым кез1 , салмағы 200 қадақ2 , Рас,
мойны, қол-аяғы жуандау. Бiрақ отыз пұт жүктi көтеруi мүмкiн емес, – деп есеп-шiсi
өзiнiң өгiз өлшейтiн есебiн айтты. Өз сөзiн қостамағанына Масликов та ренжiп:
– Жарайды, ендеше Мұңайтпасовтың кереметiн кейiн
көрерсiңдер, – дедi.
– Ал бала, қалай ұйықтадың? Жатақхана жылы ма
екен? Жiгiттердiң арасы көңiлдi болар? Олар домбыра тартады, өлең айтады, карта
ойнайды. Шынында да бiздiң үйден сендердiң жатақханаларың қызық...
Қажымұқан бiр түрлi көңiлсiздiк кейпiн көрсетiп:
– Қожайын, мей оншалығын бiлмеймiн, түнiмен
ұйықтағаным жоқ.
– Неге? Iшiнде ұрыс, жанжал көп пе екен? Жанжалдасса
төртеу-бесеуi жиылып отыз пұт болмайды, лақтырмайсың ба шетiнен...
– Жоқ, айта көрмеңiз... әжем ұрысқан, жаман болады,
деген. Менiң төбелес, жанжалға жаным қас.
– Ендi неге ұйықтай алмадың?
– Ұйықтай алмағаным, төсеген сабаннын арасында
тышқан бар екен. Олардың шиқылдаған даусын естiсем, зәрем кетедi. Масликовтың үй iшi, өзi қосылып қарқылдап, көз-дерiнен жас аққанша күлдi. Оның қорқатыны жататын жердегi тышқан екенiн ендi ұққан қожайын ойлана қарап, сөздiң соңында күлген жоқ.
– Мiне, отыз пұт көтерген палуан... Тышқаннан
басқа тағы неден қорқасың?
– Онан басқа ешнәрседен қорықпаймын.
– Қасқырдан ше?
– Ой, тәйiрi, қасқыр, аю, қабан дегендер – ит
емес пе, иттен кiсi қорқа ма? Тек мына, адам жататын жерде тышқанның шиқылдағаны
жаман... Мұқанды ас үйiнiң ауыз бөлмесiне жататын еттi де, өзiне екi ат, бiр шана
берiп, шөп, отын әкелiп тұру жұмысын тапсырды.
