ЕЛДІКТІҢ КӨШІН БАСТАҒАН
Бүгін 1 желтоқсан –ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық орталық Емхана қызметкерлерімен кездесу жиыны өтті.Жиында ақ халатты абзал жандарды мерекемен құттықтаған "Nur Otan" партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман: - Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр жылы ғасырға тең тарихи кезеңде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша қолтаңбасы бар. Халқымызды дағдарыстан дамуға бастап, еліміздің саяси өмірі жаңарып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің бірлігі, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігімен ерік-жігерінің арқасында ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу арқылы тәуелсіздігімізге әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдігін бе…


