Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ЖЕТЕЛЕГЕН

Бүгін 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің оқытушыларымен кездесу жиыны өтті. Жиынды аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Құрман ашып жүргізіп отырды.

Басқосуда алдымен Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің оқытушысы А.Әбдешбек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолдары мен мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдеріндегі ұтымды ойлары және батыл шешімдері жайында баяндама жасады.

Мұнан соң ұжымдастарын мемлекеттік мерекемен құттықтаған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Темірбек: - Қазақ халқының маңдайына біткен бақыт, тағдырына жазылған теңдессіз сый ол Елбасы. Ұлт Көшбасшысы Ұлы Даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлға. Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, сындарлы сәттерде сарабдал саясатымен елді сүріндірмей, дамудың даңғыл жолына жетелеген Н.Назарбаев – ХХІ ғасырдың әлем мойындаған қайраткері. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің білім саласы көптеген жетістіктерге жетті. Ел келешегі білімді ұрпақ болса, осы ұрпақ тәрбиесінде ұлағатты ұстаздардың еңбегі орасан. Өз кезегінде ұстаздар мәртебесінің артуы да ұтымды реформалар мен сәтті жасалған шешімдердің нәтижесі деп білемін-деді.

Жиын барысында ұстаздар өз ойларымен бөлісіп, маңызы мен мәні зор мерекенің келер ұрпаққа берер өнегесі мол екенін жеткізді.

Жиынды қорытындылаған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары 1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай білім саласында тынымсыз еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз еңбектері үшін бір топ ұстаздарды аудандық партия филиалының арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.

Еще по теме

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ЖЕТЕЛЕГЕН - Yvision.kz