Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕЛБАСЫ – ЕЛ ТІРЕГІ, ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Бүгін 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ауданның жас кәсіпкерлерімен кездесу жиыны өтті.

"Nur Otan" партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрманның төрағалығымен өткен жиында ауданның кәсіпкерлік саласындағы тың серпіндер мен жетістіктер кеңінен сөз болды.

Басқосуда Елбасының ерекше назар аударуының арқасында ел экономикасының негізгі тұтқасы болған кәсіпкерлік саласы мемлекеттік қолдауларға ие болғанын баяндаған «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Ұлан Абдирахимов ел жастарының кәсіпкерлікке деген қызығушылығы арта бастағанын айтты.

-Мемлекетіміздегі нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемле-кеттік бағдарламасының халықтың тұрмысын жақсартудағы тиімділігін бүгінгі таңда атқа¬рылып жатқан оңды шаралар айқын аңға¬ртты. Аталмыш бағдарламаның екінші ба¬ғыты аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қар¬¬қынды жүргізіліп келеді. Өз кәсібін ашуға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер ұсынылуда. Мұндай мүмкіндіктер қысқа мер¬зімді кәсіптік оқу, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жә¬не қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру арқылы жүргізілуде.Отырар ауданында аталған бағдарламаны тиімді пайдаланып, өз кәсіптерін дамытып жатқан азаматтардың қатары артқан. Биылғы жылға бөлінген грантқа 189 жас кәсіпкер қатысып, қазіргі таңда өз жұмыстарын жүргізуде,-деді ол өз сөзінде.

Мұнан соң аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ержан Оралбай жас кәсіпкерлерді айтулы мерекемен құттықтап, олардың бастап жатқан берекелі істерін әрдайым қолдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, халықтың құрметі мен сеніміне ие болған Елбасының елдік жолындағы қуатты істерін жоғары бағалайтындықтарын атап өтті.

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Тінейбайұлы: - Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан эволюциялық жолмен, бейбіт дамудың нәтижесінде саясатта, экономикада, халықаралық қатынастарда тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен биік белестерге көтерілді. Қазақстанның біртұтастығын, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет екендігін, адам құқықтарымен бостандықтарының үстемдігін паш еткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы күні мемлекеттік мереке. Қазақстанның өркендеуіне, дамуына өркениетті озық елге айналуына үлес қосу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Олай болса мереке құтты болсын, еліміз өркендеп, дами берсін,-деп жиынды қорытындылады.

0
0
106

Еще по теме

ЕЛБАСЫ – ЕЛ ТІРЕГІ, ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ - Yvision.kz