ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ АЛҒАШҚЫ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістанда Hazret Sultan Airport-ы өз жұмысын бастады. 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні халықаралық әуежай Air Astana ұлттық әуе компаниясының құрамына кіретін FlyArystan әуеакомпаниясының Нұр-Сұлтан – Түркістан бағыты бойынша бірінші рейсін қабылдады. Тарихи сәтті облыс басшылығы, БАҚ өкілдері мен жолаушылардың туған-туыстары тамашалады.«Бүгін біз Түркістан халықаралық әуежайына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне тұспа-тұс келген алғашқы рейстің орындалған тарихи сәтіне куә болып отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы да қаладағы туризм саласының қарқынды дамып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз», – деді салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары а…

