КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ АРАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Алматы облысының көлемінде бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 7637 адамды құрайды. Ал осы көрсеткіштің 67 % аттестаттауға жатады. Алматы облысы көлеміндегі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін жеке құзіреттерін анықтауға арналған тестілеу жұмыстары 2017 жылғы 30 наурызда аяқталды. Тестілеуден 5342 мемлекеттік қызметші өтіп, келесі нәтижелерді көрсетті: «өте жақсы» - 1359, «тиімді» - 3836, «қанағаттанарлық» - 146, «төменгі көрсеткішті» - 1 адам. Аттестаттау толығымен І деңгейдегі 41 мемлекеттік қызметші үшін аяқталды. Қазір жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың ІІ деңгейі бойынша 500-ден аса мемлекеттік қызметші кешенді аттестаттаудың үшінші кезеңі – әңгімелесуден өтті. Оларға аттестаттау комиссиясы келесідей шешімдер шығарды: 3…
