ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Қазіргі таңда «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі жүзеге асып келеді. Елбасы атап өткендей, қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды. Ұлт жоспарының бірінші бағыты – кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Ол үшiн 15 нақты қадам белгiленген. Құжаттың осы бөлімінде кадрларды іріктеудің, бағалаудың нәтижесінде жоғарылаудың жолдары қарастырылған. Ұлт жоспарының кадрдан басталуы – еліміздің әлеуметтік-экономикасының дамуы олардың біліктілігіне, іскерлігіне халық алдындағы адалдығына тікелей байланысты екендігін тағы да дәлелдеп отыр. Бүгінгі күннен бастап, Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев Алматы облысының аудандарында мемлекеттік қызметкерлермен қазіргі таңда кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолын…