kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ АРАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Алматы облысының көлемінде бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 7637 адамды құрайды. Ал осы көрсеткіштің 67 % аттестаттауға жатады.


Алматы облысы көлеміндегі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін жеке құзіреттерін анықтауға арналған тестілеу жұмыстары 2017 жылғы 30 наурызда аяқталды. Тестілеуден 5342 мемлекеттік қызметші өтіп, келесі нәтижелерді көрсетті:

«өте жақсы» - 1359, «тиімді» - 3836, «қанағаттанарлық» - 146, «төменгі көрсеткішті» - 1 адам.

Аттестаттау толығымен І деңгейдегі 41 мемлекеттік қызметші үшін аяқталды. Қазір жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың ІІ деңгейі бойынша 500-ден аса мемлекеттік қызметші кешенді аттестаттаудың үшінші кезеңі – әңгімелесуден өтті.

Оларға аттестаттау комиссиясы келесідей шешімдер шығарды: 30 адам - атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылатуға ұсынылды, 5 адам - атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады, 4 адам - атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылса, қалғандары атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді.

Қазіргі таңда орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде және жергілікті атқарушы органдардың ІІІ деңгейінде әңгімелесу жұмыстарына дайындық шаралары қолға алынуда.

Аудан, қала әкімдіктерінде аттестаттау комиссияларының төрағалары болып аудан әкімдері, ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде комиссия төрағалары болып мемлекеттік орган басшылары бекітілді.

Кешенді аттестаттау - кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудың баспалдағы. Бұл шара нәтижесінде өз ісін жетік меңгерген, нағыз кәсіби мамандар іріктелетін болады.